Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда мектеп пен балабақшаларда орын жетіспеушілігі жоғары

Алматыда мектеп пен балабақшаларда орын жетіспеушілігі жоғары

Алматы балабақшаларында 17 мың орын, мектептерінде 24 мың орын жетіспейді. Бұл жөнінде қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді. 

«Мектепке дейінгі мекемелерде 3-6 дас аралығында балаларға 17 мың орын жетіспейді», — деді Б.Байбек жұма күні Алматы қаласының білім қызметкерлерімен өткізген жиынында. Және де осы жылы қалаға 640 орындық 2 балабақша салынатынын да айтып өтті. «Осы жылы Түрксіб және Алатау аудандарында 640 орындық екі балабақша салынады деп жоспарланып отыр. Ал, келесі жылы Алатау ауданына 260 орындық тағы бір балабақша ашылады», — дейді қала әкімі. Ал, мектептердегі орын жетіспеушілігі 24 мыңды құрап отыр.

Похожие материалы