Білім министрлігі мен ата-аналар оқу демалысы туралы бас ауыртып жатқанда, ауыл шаруашылығын жеңілдету жолдары, робот құрастыру мәселелерін оқушылар өз назарларына алды. Үлкендер дауының нәтижесі қалай болатыны белгісіз, бірақ балалар алғашқы туындыларымен бөлісіп үлгерді. Сумо мен көкпар бәсекелесі, автоматты суландыру жүйесін құрастырған Данияр және өте көп роботтар туралы 7kun.kz материалында.
29 сәуірде Оқушылар сарайында Ғылыми теxникалық шығармашылық және роботеxника бойынша Алматы қаласының 3-чемпионаты өтті. Бірақ бізді роботтар емес Tesla күтіп алды.
Ал сарайдың ішіне кіргенде сізді Барбот пен Шолпан қарсы алады. Дәлірек айтқанда, ІТ университеті студенттерінің қолынан шыққан роботтар.
"Жұлдызды шайқастағы" R2D2-ні еске салатын Барбот әзірге сауық кештерінде сусындар ғана тарата алады. 6 айда құрастырылып шыққан роботтың ішкі макеті ағаштан жасалған. Құны - шамамен жарты млн теңге.
Шолпан - гид-робот. Құрастырушылардың сөзінше, болашақта адамның бет-бейнесін танып, көңіл-күйін де анықтай алады. Дүниеге келгеніне - 3 жыл. Бұл нұсқа 8-9 айда арнайы көрме үшін жасалған, бірақ әлі де капиталды жөндеуді қажет етеді. "Алдағы уақытта гид-робот ретінде жаппай өндіріске шығармақшымыз. Ал Барботты қазір қайта жасап, екінші прототипін құрастырғымыз келеді", -дейді студентттер.
Күн энергиясы арқылы жұмыс істейтін "Ақылды үй" жүйесі. Қылмыскерлер үйіңізді тонау үшін дабыл жүйесін электр тоғынан суырып тастаса да, ол күн сәулесі арқылы қуатталатын болғандықтан жұмыс істеп тұра береді. Үйіңізге қауіп төнгені туралы бірден хабарлама жіберіліп, дабыл қағылады.
Қазақ-түрік лицейінің оқушы қыздары құрастырған - толқын күшін пайдалана отырып, электр энергиясын алу жобасы. Идея авторлары Қазақстандағы энергия көзі ретінде Каспий теңізі мен Балқаш көлін ұсынып отыр.
Күн сәулесінің энергиясы арқылы кешкі футбол алаңдарын және өзге де спорттық алаңдарын, қоғамдық орындарды жарықтандыру жобасы. Көшедегі жарнамаларды жарықтандыруға да қолданылады. Тұтынушы ретінде қолданылса 1 кВТ-на 97 мың теңге пайда табады. Құрастыру құны - 1-1,5 млн теңге.
Жаңаөзендегі қазақ-түрік лицейінің 7-сынып оқушылары құрастырған электр қуатын алуға мүмкіндік беретін жел генераторы және күн батареялары. Күн сәулесінен энергия алуға мүмкіндік беретін тақтайшалар Қытайдан алдырған. Қазақстандағы бір тақтайша құны - 80 000 тг. Суреттегі құрылғы 90 Вт-қа дейін қуат бере алады.
Айта кету керек, жас өнертапқыштар табиғат ресурстарын негізгі энергия көздеріне айналдырған. Қысқасы, әрқашан күн сөнбесін.
Тиімділігі жағынан таңдай қақтырған жобалардың бірі автоматты суландыру жүйесін 7-сынып оқушысы Данияр ата-анасының көмегімен құрастырып шығарды. Жүйе 2 робот арқылы жүргізіледі. Робот-бақылаушы егістің алқабын аралап, топырақтың құрғақтығын тексереді. Құрғақ жер табылса, робот-су құйғыш келіп су жібереді. Күн сәулесі арқылы қуатталатын құрылғыны жасауға 3 ай уақыт кеткен. "Осыған дейінгі жобаларым адамға көмекшім ретінде жасалды. Бұл идея да осылай пайда болды. Барлығы да адамға көмектесуі қажет", -дейді ол.
Өзге де қатысушылар
Алматыдағы 92-мектептің оқушылары көкпар ойынының жаңа нұсқасын құрастырып шығарды. Лақтың орнында - теннис шары, көкпаршы - машиналар. Басқарылатын роботтар арқылы ортадағы шарды келесі ойыншының қақпасына салу қажет. Иә, көкпардан гөрі футболға ұқсайды. Ойын смартфондағы бағдарлама арқылы басқарылады. Балалар осы арқылы "сумоның орнын басқымыз" дейді.
Дегенмен, жапондықтардың ұлттық ойыны мінберінен түсе қойған жоқ. Келесі залда роботтар жылдамдық, дәлдік бойынша жарысып, сумо шайқасына қатысты.
3 сайыс бойынша жеңімпаздар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024