26 сәуір күні Алматыда Tesla көлігі сынақтан өткізілді. Шараны америкалық электромобильдер иелерінің клубы ұйымдастырған деп хабарлайды motor.kz.
Сынаққа 10 электромобиль қатысты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, клубтағы мүшелер көп, бірақ барлығы да келе алмаған.
Tesla Model S автомобиль өндірісі саласындағы революция болып саналады. Model S-тің сатылымы 1988 жылдары сатылған Ford Sierra-ның көрсеткішіне тең болды. Ресми түрде Tesla Қазақстанда сатылмайды, бірақ электромобильді АҚШ пен Еуропадан сатып алуға болады.
Бүгінде Tesla Model S литий-ионды аккумуляторлы, сағатына 70 кВт батареясы және сағатына 85 кВт батареясы бар электромобиль түрлерін ұсынады. Көлік құжатының мәліметінше, сағатына 85 кВт батарея 431 шақырымға жетеді.
Спорттық нұсқадағы мықты 691 P85D жүріс қорынан гөрі қозғалысқа көбірек бағдарланған. Оның нәтижесі — 253 миля (407 км). Ал ең қарапайым Tesla Model S 70D-ні АҚШ-та салық жеңілдіктерін ескермегенде 76 200 долларға сатып алуға болады.
Айта кетейік, осыған дейін Tesla Motors басшысы Элон Маск өзінің «Твиттеріндегі» жазбасында жақын арада Model S электрокарларының иелері жүріс қоры туралы уайымнан арылады деп хабарлаған еді. Оның сөзінше, барлық модельдерді қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламаның жаңарады. Осы арқылы электрокардың бір рет қуатталған уақытта жүріп өте алатын қашықтықтың қаншаға дейін өсетіндігін білуге болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024