Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда жеке көлікті жалға алу қанша тұрады?

Алматыда жеке көлікті жалға алу қанша тұрады?

Жалға алушыға қандай талаптар қойылады?

  • Жеке куәлігі болуы керек;
  • Жүргізуші куәлігі (жүргізу тәжірибесі 2 жылдан асу керек) болуы тиіс;
  • Жалға алушының жасы – 21 жастан асу керек;
  • Жалға алу бағасы көлік алу кезінде толықтай төленеді.
Сақтандыру: Барлық автокөлік міндетті сақтандыру шарттарымен сақтандырылған. Тарифтер: Жалға алу бағасы, автокөлікті сақтандыру тарифке кіреді. Бензин, ақылы көлік тұрағы, айыппұлдар, көлік жуу орынының бағасы кірмейді.

Қанша теңгеден басталады?

Автомобилді жалға алу үшін кез келген көлікті жалға беруші сайттан жағдайыңызға қарай бағасын, маркасын өзіңіз таңдай аласыз. Алматыдағы көлікті жалға беруші сайттарды шолып шықтық. Нәтижесінде, көлікті жалға берудің ең төменгі бағасы бір тәулікке 6800-7500 теңге аралығында. Бұл баға Toyota Yaris, Volkswagen Polo маркаларындағы көліктерге арналған. Ал ең қымбат автомобилдердің бір тәулікке жалға алу бағасы 30 мың теңгеден басталады. Бұл тізімді Chevrolet Camaro 2015, Toyota Land Cruiser 200 көліктері жалғастырады.
Компания атауы Жалға алу бағасы, теңгемен (1 тәулікке) Байланыс үшін
1 Rentacar`s 6800-7000-нан басталады +7 (705) 222-00-91 +7 (727) 391-25-99  
2 AlmaCAR 8000-10000-нан басталады 8-707-222-0000 8-705-888-9933
3 Kazprokat.kz 13000-15000-нан басталады +7 (727) 327 35 38 +7 (777)055 12 53 +7 (707)773 77 73
4 Anytime.kz 7 сағатқа беріледі (1 мин – 19 тг) 8 702 333 44 88
5 Имиджавто 13000-15000-нан басталады 8 (778) 122 00 888 (777) 122 00 88
6 Навигатор 7000-10000-нан басталады + 7 (777) 116 6660 + 7 (727) 328 5814  
7 Vladex 9000-13000-нан басталады +7 777 218-77-99 +7 700 123-3-567 +7 707 123-3-567
Көлікті жалға алмастан бұрын кепіл ақшасын төлеу керек. Бұл компанияның шартына байланысты болады. Ең аз кепіл ақша қала ішінде 30000 теңгеден басталады.

Қандай жағдайда айыппұл төлейді?

Жүру лимиті: Алматы қаласы бойынша тәулігіне 200 шақырымға тең. Белгіленген лимиттен жоғары автомобилді пайдалану белгіленген шектеуден асатын әрбір километр үшін 50 теңге есебінен төленеді. Көліктің жағдайы: Автомобилдер толық құйылған бакпен және таза күйінде беріледі. Толық емес бакпен немесе нашар күйінде автокөлікті қайтарған кезде жалға алушы жетіспейтін бензиннің құнын және шарт бойынша тарифтерге сәйкес автожуу қызметін төлеуі тиіс. Барлық автомобилдер қажетті керек-жарақпен жабдықталған. Оған маусым бойынша ауыстырылған  шиналар, дәрі-дәрмек қобдишасы, өрт сөндіргіш кіреді.

Жалға алу бағасынан басқа қандай қызметтерге ақы төленеді?

Қосымша құрылғылар: GPS навигациялық құрылғысы - 500 тг (1 тәулік ішінде) Балалар автокреслосы - 500 тг (1 тәулік ішінде) Видеотіркегіш - 500 тг (1 тәулік ішінде) Қосымша қызметтер: Қала бойынша клиентке автокөлікті жеткізу - 2000 тг Сіздерді және қонақтарыңызды қарсы алу мен шығарып салу: Әуежай - 5000 тг Темір жол вокзалы - 2000 тг (Алматы-2)

Қандай жағдайларда жеңілдік қарастырылған?

Жеңілдіктер: *тұрақты клиенттерге қосымша жеңілдік - 5% * 4-тен 7 тәулікке дейін жалға алу - 5% * 8-ден 14 тәулікке дейін жалға алу -10% * 15-тен 29 тәулікке дейін жалға алу - 25% * 30 тәулік және одан көп - 35% * ұзақ мерзімді жалға алу кезінде.

Похожие материалы