
Алматы қаласының бюджетінен үш миллиард теңге мемлекеттік балабақшалардағы орынды субсидиялау үшін бөлінетін болады. Бұл 17 мың баланы қамтуға және төлемді 27 000-нан 15 000 теңгеге дейін арзандатуға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
"Қазіргі таңда айлық шығым өсті, егер ата-аналар бұрын айына 27 мың теңге төлеп келсе, қазіргі таңда балабақшадағы 1 орын 38 мың тұрады. Біз бұл жағдайда ата-аналардың балабақшадан балаларын алып кетіп жатқанын көреміз", -деді ол.
"Бұл мәселе егжей-тегжейлі талқыланды және оған жергілікті бюджеттен 3 млрд теңге бөлінетін болады және ата-аналар орта есеппен айына тек 15 мың теңге төлейтін болады",- деді Б.Байбек.
Фото:nur.kz