Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдағы мемлекеттік балабақшалар бағасы 15 мың теңгеге арзандайды

Алматыдағы мемлекеттік балабақшалар бағасы 15 мың теңгеге арзандайды

Алматы қаласының бюджетінен үш миллиард теңге мемлекеттік балабақшалардағы орынды субсидиялау үшін бөлінетін болады. Бұл 17 мың баланы қамтуға және төлемді 27 000-нан 15 000 теңгеге дейін арзандатуға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

"Қазіргі таңда айлық шығым өсті, егер ата-аналар бұрын айына 27 мың теңге төлеп келсе, қазіргі таңда балабақшадағы 1 орын 38 мың тұрады. Біз бұл жағдайда ата-аналардың балабақшадан балаларын алып кетіп жатқанын көреміз", -деді ол. "Бұл мәселе егжей-тегжейлі талқыланды және оған жергілікті бюджеттен 3 млрд теңге бөлінетін болады және ата-аналар орта есеппен айына тек 15 мың теңге төлейтін болады",- деді Б.Байбек. Фото:nur.kz

Похожие материалы