Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Алматыэлектротранс" ЖШС-ның басшысы қызметінен кетті

"Алматыэлектротранс" ЖШС-ның басшысы қызметінен кетті

"Алматыэлектротранс" ЖШС-ның басшысы Талғат Абдрахманов қызметінен кетті. Бұл туралы Today.kz хабарлайды.

"Алматы қаласы әкімдігінің шешімімен 2015 жылдың 1 қазанында "Алматыэлектротранс"  ЖШС-ның басшысы болып Төреәлі Төлегенов тағайындалды. Өз кезегінде серіктестіктің бұрынғы басшысы қызметінен ерікті түрде кетті", - делінген хабарламада. Айта кетейік, ЖШС-ға Алматыдағы трамвайдың қатысуымен болған жол көлік оқиғасынан кейін халықтың назары ауған. Салдарынан 5 адам зардап шеккен. Оқиға 21 қыркүйек күні болған еді. Басқармасыз трамвай Байтұрсынұлы көшесінен солтүстікке қарай жүріп кеткен. 14 автокөлікті қаққан. "Алматыэлектротранс" ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Берікхан Мырзакаримовтың сөзінше, орын алған оқиға трамвай тежегішінің істен шығуымен байланысты. Сондай-ақ апат болар алдында жүргізуші күйік исін сезіп, жолаушыларды сыртқа шығарған. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал трамвай жүргізушісі Елена Стекольникова көлік тезегішінің дұрыс істемегені туралы дәлел көрсете алатынын жеткізді.

Похожие материалы