Алматылық кәсіпкерлерге инновациялық бизнес идеясы үшін 3 млн теңге беріледі
Алматы. 13 сәуір. 7kun.kz - Алматы қаласында инновациялық грант беру бойынша жұмысшы топтардың отырысы өтті. Отырыс барысында кәсіпкерлерге инновациялық бизнес идея үшін 3 млн теңгеге жуық грант берілетіні белгілі болды. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған байланысты қабылдау комиссиясы 1-31 наурыз аралығында 73 өтінішті қарастырған. Ал аталған грантқа қол жеткізу үшін өткізілетін конкурсқа жас кәсіпкерлер, жұмысқа қабілетсіз, яғни мүгедек тобына жататын азаматтар және жасы 50-ден асқан тұлғалар қатыса алады. Мемлекеттік грант "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында бизнесті дамыту үшін беріледі. Осыған байланысты конкурсанттар мынадай критерийлерге сәйкес келуге тиіс:
Ұсынылатын бизнес жоба идеясының жаңалығы болу керек. Сондай-ақ, жоба бәсекеге қабілетті болғаны жөн: маркетингтік сараптамадан өткізіліп, кәсіпкерлік жобаның ұсынатын қызмет түрі мен тауарына нарықтық сұраныстың қандай екені, дайындығы мен жүзеге асырылуы нақты анықталуы керек.
Сондай-ақ, бизнес жобаның міндетті шартарының бірі конкурсаннтарды қаржыландыру шығыны сұраған грант көлемінің 10 пайызынан кем болмауы тиіс және грантқа бөлінген қаржы жылжымайтын мүлік немесе жер учаскесін сатып алуға жұмсалмайды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024