Алматы қаласының хайуанаттар бағын қайта жөндеуден өткізу үшін 483 млн доллар қажет. Бұл туралы хайуанаттар бағын дамыту бойынша қоғамдық кеңес хабарлайды. Аталған соманы Халық Банкі, Capital Partners, Технодом және қазақстандық бизнестің басқа да өкілдері бөлуге дайын.
«Хайуанттар бағын дамыту, қайта жөндеуден өткізу жоспарларына оперативті шаралармен қатар (апатты құрылыстарды қайта жөндеуден өткізу, абаттандыру жұмыстары, қосымша сервистер құру) зоологиялық бақтарды дамытудағы халықаралық тенденцияларға сәйкес толықтай қайта құру бойынша кең көлемдегі шаралар жүргізу жатқызылады", - деп хабарлайды хайуанаттар бағын дамыту бойынша қоғамдық кеңес.
Өз кезегінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов хайуанаттар бағын дамыту қалалық қоғамның пікірімен іске асады, осыған байланысты қоғамдық штаб құрылады деп мәлімдеді. Айта кетейік, хайуанаттар бағына тиесілі қаржыландырудың 60-65%-ы бюджет есебінен бөлінеді. Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, 2014 жылы қаржыландыру 45 млн теңгеге, табыс 49 млн теңгеге өскен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024