Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматының қоғамдық көліктерінде электрондық төлем жүйесі енгізіледі

Алматының қоғамдық көліктерінде электрондық төлем жүйесі енгізіледі

1 қазаннан бастап жаңа төлем жүйесі Алматының барлық қоғамдық көліктерінде валидаторлар мен қолма-қол есептесуді толығымен алмастыратын болады.

Бұл жүйе үш ай бойына қолданыстағы төлем түрлерімен бірге тест режимінде жұмыс істейді, ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап шенеуніктер қоғамдық көліктерің барлығын осы жүйеге ауыстыруды жоспарлап отыр.

Автобус, троллейбус, трамвай және метро қызметтерін пайдаланған кезде жол ақысын арнайы төлем картасы арқылы төлеу қрастырылады.

Жүйенің жұмысы үшін арнайы аспаптар сатып алынды. Есептесу үшін аспап үстімен картаны өткізу жеткілікті.

Төлем карталарының үш түрі болады: қарапайым карта және оқушыларға, студенттерге және зейнеткерлерге арналған әлеуметтік карта.

Картаның шотын пос-терминал арқылы, газет сататын дүңгіршектер және банк картасының көмегімен онлайн толықтыруға болады.

Ақпарат көзі: zakon.kz

Похожие материалы