Алматы қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билет жүйесін енгізгелі жатыр. Бұл жөнінде баспасөз отырысы барысында "Алматы көлік холдингі" ЖШС-ның директоры Серік Жұмабеков мәлімдеді.
«Біз қала әкімі А. Есімовтың тапсырмасы бойынша қоғамдық көліктегі қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында бірнеше шараларды қолға алып отырмыз. 2015 жылдың соңына дейін жол ақысын есептеу және төлеудің автоматтандырылған жүйесі енгізілетін болады. Ол қаланың барлық қоғамдық көліктеріне арналып жасалмақ», — дейді С. Жұмабеков. Оның айтуынша, жобаның мақсаты - қаражаттың көлеңкелі айналымын қысқартып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру. Жоба аясында қоғамдық көлікте жүріп тұру үшін көлік карталары жасалатын болады. Жолаушылар автобус, троллейбус, трамвай және метрода жол ақысын төлеу үшін карталарды қолдана алады. Көлік карталарының мынадай 4 түрі шығады: бірыңғай көліктік карта, студенттерге арналған, оқушыларға арналған және зейнеткерлерге арналған түрлері. Жолаушылар картадағы балансын толтыру үшін терминалдарды қолдана алады. Сонымен бірге, онлайн төлеу жүйесі мен арнайы сауда агенттерінің POS терминалдары арқылы төлем жасауға мүмкіндік бар. Барлық көліктерге арнайы электронды төлем терминалдары орнатылады. Төлем жүргізу үшін картаны аппаратқа тигізу керек. Осындай аппаратурамен жабдықтау құны бір автобус үшін 500 мың немесе одан жоғары бағаға шығады. Өтімділік мерзімі 7 жылға есептелген. Картаның кепілдік бағасы 320 теңгені құрайды. Ақпарат көзі: 365infoПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024