Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Altyn Bank» АҚ (China Citic Bank Corporation Limited Еншілес банкі) туралы

«Altyn Bank» АҚ (China Citic Bank Corporation Limited Еншілес банкі) туралы

АО «Altyn Bank» (ДБ China CITIC Bank Corporation Limited), бұрынғы - «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ, Қазақстанның банктік нарығында 1998 жылдан бастап бар, корпоративтік және жеке тұтынушыларға арналған өнімдер мен қызметтердің түр-түрі бар әмбебап коммерциялық банк болып табылады. «Altyn Bank» АҚ-ның 4 бөлімшесі бар: Алматыда, Нұр-Сұлтанда, Атырау мен Ақтауда және Алматыда 2 қосымша бөлімшелері бар.

2018 жылғы 18 мамырда Fitch Ratings (бұдан әрі – «Fitch») халықаралық рейтингтік агенттігі «Altyn Bank» АҚ-ның («Қазақстан Халық Банкі» АҚ Еншілес банкі) (бұдан әрі – «Altyn Bank») шетел және ұлттық валютадағы эмитент (бұдан әрі – «ЭДР») дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «BB» деңгейінен «ВBB-» деңгейіне дейін жоғарылатуы туралы хабарлады және Rating Watch «Жағымды» тізімінен рейтингтерді шегерді. Ұзақ мерзімді ЭДР бойынша болжамы – «Тұрақты».

 Аталмыш рейтингтік әрекет China CITIC Bank Corporation Limited («BBB»/«Тұрақты» болжамы) және Shuangwei Investment Co., Ltd тарапынан Altyn Bank-тағы 60-пайыздық үлесті сатып алудан кейін болды.

Бұдан бұрын, 2018 жылғы 24 сәуір күні «Қазақстан Халық Банкі» АҚ капиталдағы 60% үлесті шетел инвесторларына сатуға байланысты келісімді аяқтады: China CITIC Bank Corporation Limited акциялардың 50,1%-ын және China Shuangwei Investment Co., Ltd. – акциялардың 9,9%-ын сатып алды, бұл үлестер бұдан бұрын «Қазақстан Халық банкі» АҚ-на тиесілі болған, сонымен бірге «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның үлесі 40% құрайды.

Топтың миссиясы

«Халық» тобының миссиясы Қазақстандағы және басқа да бірқатар елдердегі қаржы нарығының барлық сегменттерінде (банктік, сақтандыру, зейнетақы, бағалы қағаздар, лизингтік) клиенттер мен акционерлердің қаражатының сақталуын, тиімді орналастырылуын және көбеюін қамтамасыз ете отырып, халықаралық стандарттық деңгейде қызмет көрсету болып табылады.

Топтың құндылықтары

  • Клиентке бейімділік: Топ өз  клиенттерінің қажеттіліктерін түсіне отырып, олардың өз мақсаттарына жетуіне және ол мақсаттардан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне   көмектесетін ең тиімді шешімдерді ұсыну үшін барлық ресурстарды қолдануға бағытталады.
  • Сенімділік: Топ халықаралық құқықтың нормалары мен көпшілікке танылған қағидаттарды, Қазақстан Республикасының заңнамасын, Топ бизнес жүргізетін басқа елдердің заңнамасын, Топтың ішкі ережесі мен ережелерін мүлтіксіз сақтайды. Топ корпоративті басқарудың еуропалық стандарттарына талпынады және өз қызметін акционерлер, клиенттер, іскерлік серіктестер, мемлекеттік билік органдары, қызметкерлер үшін  іске асыруда ең ашық саясат пен айқындылық қағидаттарын  ұстанады. Сенімділік - біздің ең құнды активіміз - Топтың іскерлік абыройын сақтап қалудың негізгі факторы.
  • Көшбасшылық: Топ нарықтың барлық сегменттерінде кез – келген клиентке қызмет көрсетуде көшбасшылық орынға талпынады. Ұйымның барлық деңгейіндегі басшылар жұмысқа деген құлшынысымен және  жігерлігімен, өз ісіне берілгендігімен  үлгі болып келеді. Басшылар ұйымға бағыт береді, жаңа бастауларға қолдау жасайды, ұйымды Топтың Миссиясын орындауға барынша жігер береді.
  • Әлеуметтік жауапкершілік: Халықтың барлық топтарына бейімділігі Топ қызметінің негізгі қағидаттарының бірі болып табылады. Топ қоғамның дамуы мен әлеуметтік мәселелердің шешіміне белсенді үлес қосуға  және жауапты корпоративті ұйым болуға тырысады.
  • Адалдық:  Топ қызметінің барлық салаларында, әрқашан және барлық жерде бизнесті барынша адал жүргізуге тырысады. Топ ішкі процестер айқындығы, клиенттермен қарым-қатынастарды өзара сыйластық пен сенімділік негізінде құру, қызметкерлер тарапынан өз ісіне адалдықпен қарауды қолдау, корпоративтік этика нормаларын қолдау қағидаттарын қолданады.
  • Кәсіпқойлық: Топ кәсіптік қызметтің ең жоғары стандарттарына ұмтылады, ол жаңа идеялар мен жаңалықтар үшін  ашық. Негізгі міндет -  клиенттермен берік әрі ұзақ мерзімді қатынастарды қамтамасыз ететін,  клиенттерге қызмет көрсету бойынша барлық операцияларды адал,  дер кезінде және ең тиімді шарттарда  іске асыру.

Дереккөз: www.altynbank.kz

Похожие материалы