Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ғалым Хусаинов бір кезде өзі сынаған банктің басшылығына келді

Ғалым Хусаинов бір кезде өзі сынаған банктің басшылығына келді

Алматы. 25 қыркүйек. 7kun.kz - Өткен аптаның соңында белгілі экономист Ғалым Хусаиновтың Банк Центркредит басқарма төрағасы болып тағайындалғаны белгілі болды.

Банк сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек ол 2005 жылы Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің экономика факультетін үздік аяқтаған, MBA дәрежесін меңгерген. ACCA бағдарламасы бойынша әлі де білім алуда.

Еңбек жолын «Омск-Полимер» ЖШҚ-да бастап, «Заречное» БК АҚ-та Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың Директорлар кеңесінің төрағасы Бақытбек Байсейітовтің командасында жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Хусаинов мырза ЦентрКредит Банкінде басқарушы директор, басқарма мүшесі ретінде қызмет етуде.

Айта кетейік ол экономист-сарапшы ретінде де қоғамда танымал. Оның экономикаға қатысты туралы пікірлері БАҚ беттерінде жиі жарияланатын. Оның ішінде сыни пікірлері де аз емес еді. 2014 жылы қазір өзі басшылығына келген БанкЦентркредиттің коммуникациялық саясаты мен менеджментін де сынаған еді.

«Банк Центр Кредит. Осындай маңызды PR-компанияға бөлім бастығы келді. Тіпті департамент басшысы, басқарушы директор емес. БЦК-нің коммуникациялық сапасы ақсап тұрғаны көзге көрініп тұр. Қызметкерлері кәсіби біліктілігін көтеруден көптен бері өтпеген сияқты. PR қызметіне батыстық сапалы тренинг пен жаңа технологияларды пайдалана бастау керек. БЦК менеджментіне ашықтық керек. Менеджменті өздерінің бұрыншына тығылып алып, бірдеме істеп отырған сияқты. Цеснабанктің, Сбербанктің, Kaspi, тіпті Қазкомға қараңыздар. Түрлі форум, конференцияларға қатысады. Ашық. Жауап беруге дайын», деп жазады ол kursiv.kz сайтына шыққан мақаласында.

Өткен сенбі күні жұмысына кіріскен Ғ.Хусаинов мырза өзі айтқан сынды түзеуге кірісе ме, уақыт көрсетеді.

Похожие материалы