Алматы. 22-қаңтар. 7kun.kz— Amazon компаниясы сатушылар мен кассалық аппараты жоқ алғашқы дүкенді ашты. Жоба Сиэтлде (АҚШ) бүгін іске қосылды. Бұл жайлы Amazon Twitter парақшасында жазды.
Amazon Go-ны тестілеуді былтыр бастаған еді. Осы уақыт аралығында оны компанияның қызметкерлері тәжірибеден өткізіп көрген.
Amazon Go кассалық аппаратсыз, сатушысыз қалай жұмыс істейді? Сатып алушы кіре берістегі турникетке смартфонын тигізеді. Сосын өзіне қажетті тауардың нөмірін таңдайды. Дүкенде қолданылатын технология, сатып алушының сөреден нені алатынын және нені алмай қайта орнына қойғанына дейін біле алады. Ал дүкеннен шыққан кезде, сатып алынған заттардың сомасы кредит картасынан алынады. Бұл жағдайда сатып алушыға штрих-кодты сканерлеудің қажеті болмайды.
Негізі Amazon компаниясы аталмыш дүкенін ашу жайлы 2016 жылы жариялап, оны 2017 жылы ашуды көздеген еді.
Amazon - 1994 жылы негізі қаланған американдық компания. Интернеттегі жаппай сұранысқа ие тауарлар мен қызметтерді сататын сайттар арасында тауар айналымы бойынша әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі болып табылады.
https://www.youtube.com/watch?v=NrmMk1Myrxc&app=desktopҚания Табыс