Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ-та бала тәрбиесі үшін орта есеппен 245 мың доллар жұмсайды

АҚШ-та бала тәрбиесі үшін орта есеппен 245 мың доллар жұмсайды

Америкалық отбасылардың балаларын күтуге (туылғаннан 18 жасқа толғанға дейін) жұмсалатын шығындары жылдан жылға артып келеді және елдің аймағына байланысты айтарлықтай өзгешеленеді екен.

АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі (U.S. Department of Agriculture, USDA) өткізген зерттеуге сәйкес, орташа америкалық отбасы 2013 жылы туылған сәбиді күту үшін орта есеппен 245,340 мың доллар жұмсайды екен. Бұл сома тамақтандыруды, тұрғын үй төлемдерін, күтім мен білім беруді қамтиды және бұл есепте ананың жүкті кезіндегі шығындар және баланың жоғары білімі үшін алынатын төлем ескерілмеген. Инфляцияны (орташа деңгей - 2,4%) ескеріп алғандағы шығын - бір балаға 304 мың доллар. Баланы күту тұрғысынан қарағанда ең қымбат аймақтар - АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы қалалар, мұнда инфляцияны ескермегенде отбасы шамамен 282,480 мың доллар жұмсауы тиіс. Елдің оңтүстігі ең арзан: қалада баланы тәрбиелеп шығару үшін орта есеппен $283,61 мың жұмсалады, ауылда - 193,590 мың доллар. Салыстыру үшін айта кетелік, 1960 жылы туылған балаларды күту үшін америкалық ата-ана жалпы алғанда 25,230 мың доллар жұмсаған екен. Осылайша 1960 жылдан бері (осы кезден бастап USDA осындай деректерді есепке алатын болған) отбасылардың балалардың өсіп-жетілуіне жұмсайтын шығындары шамамен тоғыз есе артып отыр.

Похожие материалы