Голландиялық MX3D құрылыс компаниясы Амстердамның орталығында бірнеше 3D принтер арқылы металл көпір жасап шығармақшы деп хабарлайды delo.ua.
МХ3D конструктурлары бірден кеңістікте күрделі металл құрылымдар "басып шығаратын" құрылғы ойлап тапты. Алғашқы туынды болатын көпір болаттан жасалады. Алдымен баспаға балқытылған металлдың кішігірім бөліктерін жіберіп, оларды 1500°C температурада қыздырып, желілер құрайтындай етіп бір-біріне жабыстырылады. Авторлардың ойынша, көпірді екі жағадан бір-біріне қарама-қарсы жұмыс істейтін 4 принтер "басып шығарады".
Жоспар бойынша, көпір 2017 жылы дайын болады. Ал 2015 жылдың қыркүйегінен бастап Амстердам тұрғындары мен туристері құрылыс алаңына барып, жұмыс процесімен таныса алады. Дегенмен, көпір орналасатын жер нақты белгісіз.
Суреттер mail.ru сайтынан алынды
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024