Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Амстердамда 3D принтер арқылы металл көпір жасап шығарылмақ

Амстердамда 3D принтер арқылы металл көпір жасап шығарылмақ

Голландиялық MX3D құрылыс компаниясы Амстердамның орталығында бірнеше 3D принтер арқылы металл көпір жасап шығармақшы деп хабарлайды delo.ua.

МХ3D конструктурлары бірден кеңістікте күрделі металл құрылымдар "басып шығаратын" құрылғы ойлап тапты. Алғашқы туынды болатын көпір болаттан жасалады. Алдымен баспаға балқытылған металлдың кішігірім бөліктерін жіберіп, оларды 1500°C температурада қыздырып, желілер құрайтындай етіп бір-біріне жабыстырылады. Авторлардың ойынша, көпірді екі жағадан бір-біріне қарама-қарсы жұмыс істейтін 4 принтер "басып шығарады".
Жоспар бойынша, көпір 2017 жылы дайын болады. Ал 2015 жылдың қыркүйегінен бастап Амстердам тұрғындары мен туристері құрылыс алаңына барып, жұмыс процесімен таныса алады. Дегенмен, көпір орналасатын жер нақты белгісіз.
ecdc19e294d426db64ca91adf231
2c08a0759f382d4c979303fb0dc9
ecabd5cbd58c15c03f805bc09f3f
Суреттер mail.ru сайтынан алынды

Похожие материалы