Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz — 2017 жылы айналыстағы төлем карталарының саны 23,6 пайызға (3,7 млн бірлікке), 19,4 млн-ға дейін артты. 2016 жылы олардың саны, керісінше, 8,5 пайызға төмендеген болатын. Картаны қолданушылар саны 2017 жылы 19,7 пайызға көбейіп, 17 млн адамды құрады. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.
Пайдаланылған (белсенді) карталардың саны жыл ішінде 17,4 пайызға (1,5 млн бірлікке) артып, 2017 жылдың соңында 9,9 млн бірлікті құрады. Айналыстағы карталардың үлесі 50,9 пайыз болды.
2017 жылы белсенді карталар арасында ең жоғары өсу қарқынын несие карталары көрсетті (1,4 млн бірлікке дейін).
Кредиттік карталардың дамуы кезінде көп қолданылып, танымалдыққа ие болған түрі – сатып алған тауардың бағасын бөліп төлеу мүмкіндігі. Мұндай төлем карталарды қазіргі уақытта 4 банк ұсынады: Kaspi, Еуразиялық, Хоум Кредит және Халық банкі.
Осындай нарыққа шыққан алғашқы банктердің бірі болып Kaspi танылды. Банк 3 айға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі бар арнайы Kaspi Red картасын ұсынады. Бұл картамен тек банкпен серіктес желілерде ғана төлеуге болады.
Еуразиялық банк те «Бөліп төлеу картасын» ұсынады. Оның көмегімен банктің серіктес желілірінде 3 айға бөліп төлеу мүмкіндігінен басқа, серіктес емес желілерде 2 пайыздық комиссиямен, қолма-қол ақшасыз төлем жасауға болады.
Хоум кредит банкі «Шартты жарнасы бар кредиттік картаны» ұсынады. Бұл жерде бөліп төлеу мерзімі 5 айдан 12 айға дейін қарастырылған. Алайда, бөліп төлеу тек алғашқы сатып алу мен банктің серіктес желілерінде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ, артық төлемсіз.
Халық банкі «Light бөліп төлеу картасын» ұсынады. Карта банктің серіктес желілерінде 12 айға дейін бөліп төлеу мүмкіндігіне ие. 6 айға дейінгі сатып алу комиссиясыз, ешбір пайызсыз, артық төлемсіз жүреді. Ал, төлем мерзімі 9 және 12 ай болған кезде, сатып алу сомасынан ай сайын 1 пайыз комиссия алынып отырады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024