Астана. 9 қараша. 7kun.kz – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры А. Наурызәліге қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады.
«Наурызәлі а.ж. 2 қыркүйегінде «Табиғат НС Сервис» ЖШС директоры С. Карловадан Астана қаласының Алматы және Есіл аудандарын көгалдандыру бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 млн теңге сомасында ақшалай қаражат алды деп күдіктенеді», – делінген хабарламада.
Наурызәліге тағылған айыптар арнаулы жедел іздестіру іс-шарасы, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен және т. б. расталады.
А. Наурызәліні ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде процестік ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады. Қорытынды шешімді сот қабылдайды.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024