
Алматы. 9 қаңтар. 7kun.kz – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
«2023 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М. Қожабаевты ұстады», – делінген хабарламада.
Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.
Мақсат Қожабаев 2021 жылғы шілдеден 2022 жылдың сәуіріне дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Оған дейін Шымкент прокуроры қызметін атқарған.