Алматы. 9 ақпан. 7kun.kz – Apple Samsung-ты басып озып, ғаламдық смартфон нарығының көшбасшысы атанды, деп мәлімдеді Counterpoint Research сарапшылары, деп жазады 3dnews.ru.
Сарапшылардың есебі бойынша, 2017 жылдың төртінші тоқсанында өндірушілер жалпы көлемі 415 млн смартфон өндірген. Ол 2016 жылға қарағанда 5 пайызға кем көрсеткіш болды. iPhone жеткізілімі 77,3 млн бірлікті құрады. Бұл Apple-дың нарықта бірінші орынға ілігуіне себеп болды. Дегенмен, 2016 жылдың соңғы 3 айымен салыстырар болсақ, «алма» құрылғысының тиелімі 1 пайызға төмендеді.
Ал, Samsung-ке келер болсақ, ол тіптен қатты құлдырауға ұшырады. 5 пайызға дейін төмендеп, екінші орынға ілікті. Ал, үштікті Huawei толықтырды.
2017 жылдың жалпы қорытындысы бойынша, Samsung барлығы 318,1 млн смартфон өндірді.
Counterpoint Research есебіне сәйкес, 2017 жылдың төртінші тоқсанында Apple телефондарының орташа сату құны 100 пайызға артқаны, жаңа үлгілерінің шығуына байланысты. Осы уақытқа дейін Apple 1,3 млрд-тан көп смартфон сатып үлгерді.
Сарапшылар ірі 10 смартфон өндірушінің алғашқы жетеуінде өнім жөнелтімі қысқарғанын атап өтті. Тек, қытайлық Xiaomi, Oppo және Vivo ғана өсімді көрсеткен. Мәселен, Xiaomi 83 пайызға артқан.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024