Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz - Apple компаниясы енді қалдық шикізаттан құрылғы жасайтын өндірісін іске қоспақ. Компания қазірден бастап басқа компаниялардан қалдық қабылдап жатыр.
Сондай-ақ Apple Renew бағдарламасы аясында сатып алушылар өздерінің ескі құрылғыларын өткізе алады. Компания смартфондарды сұрыптап, компоненттерін бөлшектеп отыратын Liam бағдарламасын іске қосқан. Қазір осындай екі конвейер жұмысын бастаған. Әрқайсы жылына 2,4 млн құрылғыны өңдейді. Компания бұл қалдықтардан смартфондарға, компьютерлерге қажетті компоненттерді жасап шығармақ. Сонымен қатар, қалдық құрамынан мыс пен қалайыны және т.б. қымбат металдарды өндіреді. Мұндағы екінші мақсат компанияның жеткізуші зауыттарындағы қалдықтарды азайту. 2015 жылы компания өнеркәсіптік қалдықтарын 240 тоннаға азайтқан. Дереккөз: life.ru
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024