Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple расизмді жеңуге бел буып отыр

Apple расизмді жеңуге бел буып отыр

Apple компаниясы iPhone қолданушыларына Emoji "смайлдардың" жаңа нұсқаларын дайындап жатыр. Бұрындары адам эмоциясын білдіретін смайлдар ғана болса, енді шашы мен бер терісінің түстері өзгерген белгішелер жасалуда.

Әзірлеуге тестілеуден өтіп жатқан iOS 8.3 платформасының халыққа ұсынылған кезінде аталған смайлдар да сыйға тартылмақ. Apple расизмді жеңуге бел буып отыр

Адам бет-әлпетін көрсететін пиктограммаларға мүмкін болатын 5 түрлі бет терісінің түсі ұсынылған.

Өткен жылдың қараша айында Google мен Apple "расизмді қалайда жеңеміз" деген еді. Әзірге ол ұрандарын осы смайлдар арқылы жеткізіп отыр. Белгілер барлық символдарды кодтайтын бүкіләлемдік Unicode стандартымен даярланған.

Ақпарат көзі: Казинформ.кз

Похожие материалы