Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple "ақылды" автокөлік құрастыруда

Apple "ақылды" автокөлік құрастыруда

Apple компаниясы жүргізушісі жоқ автокөлік құрастыруда. Қазір Сан-Франциско аймағында сынақ полигонын іздеп жатыр. Бұл туралы британдық The Guardian басылымына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлайды.

Газеттің мәліметінше, тест алаңы ретінде Apple GoMentum Station базасына қызығып отыр. Бұл - Калифорниядағы АҚШ-тың Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы обьектісі. Жалпы аумағы 850 га болатын алаңның иесі Пентагон бұл обьектіні "әлемдегі ең қауіпсіз сынақ полигоны" ретінде атайды. "Apple Titan жобасы аясында ұшқышсыз автокөлік құрастырумен айналысып жатыр деген қауесет бар еді. Қазір ол құжат түрінде нақтыланды", - деп жазады The Guardian. Айта кетейік, соңғы уақытта компания басшысы Тим Кук ірі автоөндіруші компанияның басшыларымен кездесу жүргізіп жатыр. Сондай-ақ  Apple авто саласындағы сарапшыларды жұмысқа қабылдауда.

Похожие материалы