Экономика
IT, Технология
Apple жаңа iOS 9 мобильдік платформасын таныстырды
Apple компаниясы жаңа iOS 9 мобильдік платформасын таныстырды. Ол платформаның ерекшелігі - жұмыстың өнімділігі арттырылған және Proactive Assistant көмегімен іздеу де бір жолға қойылған. Бұл жөнінде әзірлеушілерге арналған WWDC конференциясында Apple-дің вице-президенті Крейг Федереги мәлімдеді.
Proactive – Siri-ді толықтыратын Google Now бәсекелесі. Бұл функция сіздің күні бойғы әрекеттеріңізді бақылап, ыңғайлы деген сәтте сізге керекті контентті өздігінен ұсынып отырады. Мәселен, егер қолданушы аптасына үш рет спортзалға барып, сол кезде құлаққап тағатын болса, дәл сол уақытта жаттығуға арналған әуен даярлап береді.
Одан бөлек, Apple Maps-та қоғамдық көлік маршруттары болады, мультимедиялық контенті бар News жаңалықтар қосымшасы бар. Passbook қосымшасын компания Wallet деп өзгертті. Және ең басты өзгерістердің бірі - iPad пен iPad Air 2-де бір уақытта екі қосымшамен қатар жұмыс істеуге болатын мүмкіндік ашылды. Осыған дейін тек бір қосымшамен ғана жұмыс істеуге болатын еді.
Apple Music музыка сервисі енді қолжетімді болмақ. Ол жерде "ақылды" іздеу жүйесі, Siri-мен бірлескен жұмыс, қолданушының талғамын есепке алу және Beats One атты 24-сағаттық радио болады. Apple Music күзге қарай Apple Music платформасында да болады. Бірінші рет Apple бәкелесіне өз қосымшасын қосып отыр. Сервис құны - айына 10 доллар немесе отбасында 6 адамға 15 доллар.
iOS 9 платформасы бұрын iOS 8-ді қолдаған барлық құрылғыларда жұмыс істейтін болады. Яғни, iPhone 4S пен iPad 2 құрылғыларында жаңарады. Apple платформа 1,3 гигабайт жад ғана алатын болады дейді. Құрылғының жұмыс істеу уақыты 1 сағатқа артылған, қуат сақтау режимі қосылған. Ол режим смартфонның "ғұмырын" шамамен 3 сағатқа сақтайды.