Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Апта қорытындысы

Апта қорытындысы

Алматы. 2 желтоқсан. 7kun.kz – Әр апта сайын елімізде маңызды жаңалықтар орын алады. 7kun.kz  тілшілері сіздер үшін аптаның ең өзекті жаңалықтарын сараптап, назарларыңызға ұсынады.             28 қараша - 2 желтоқсан аралығында мынандай маңызды оқиғалар болды.

Апта басын 28 қарашаны америкалық валюта 340 теңге деген көрсеткішпен бастады. Қазақстан қор биржасындағы таңғы сессия қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 340,01 теңгені құрады. Сессияда сауда көлемі 31 млн 800 мың доллар болды. Өткен аптамен салыстырғанда 2 теңгеге қымбаттаған.

Қазақстандағы банктердің бірігуі мүмкін екендігіне қатысты президент Нұрсұлтан Назарбаев пікірін білдірді. Оның сөзінше банктердегі нашар активтермен әлі де біраз жұмыс істеу қажет. "Біздің экономикамыз шағын, халқымыз да аз. Ал мұндай халық санымен 100 банктің болуы керек пе, жоқ па? (…) Яғни мен банктерді ірілендіру бойынша нақты қадаммен келеміз бе білмеймін, кейбір банктер банкрот болуы мүмкін”, – деді Н.Назарбаев Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, жыл соңына дейін осы мәселеге байланысты ортақ шешім шығарылуы мүмкін.

Атырауда азаматтық белсенділер, жер митингілерін ұйымдастырды деп айыпталған Макс Боқаев пен Талғат Аянға қатысты сот үкімі шықты. Екеуі 5 жылға сотталды. Сот сонымен бірге оларға үш жыл қоғамдық жұмыспен айналысуға шектеу қою және 250 мың теңге айлық көрсеткіш есебінде (бір АЕК – 2121 теңге) айыппұл салу туралы үкім кесті. Үкім бойынша, Боқаев пен Аян жазаларын жалпы режимдегі колонияда өтеуі тиіс. Оларға “заңсыз митингтер ұйымдастырды”, “жалған ақпараттар таратты”, “ұлтараздық тудырды” деген айып тағылған еді.

29 қарашада жер қатынастарына байланысты жаңа заң жобасы дайындалып жатқандығы белгілі болды. Оның аясында жерді жалға беру мәселесі қайта қаралатын болады. "Осы құжат аясында бірнеше мәселелерді шешу қажет. Жаңа кадастрлық құнды анықтау үшін заңды база құрып, ауыл шаруашылығы жерлері бойынша нақты база болу үшін қажетті геотоникалық зерттеу жүргізу керек”, – деді Асқар Мырзахметов. Оның сөзінше, жер қатынастарына қатысты жаңа заң жобасы келесі айда ұсынылады.

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Ресейлік «Ямал» әуекомпаниясы Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанға тұрақты рейстерді жүзеге асырады. "Жуковскийден ұшқан ұшақтар Қазақстан, Өзбекстан, Қазақстанға  қатынайды. Одан әрі Израильге, содан соң Еуропаға жол ашамыз”, – деді компания басшысы Василий Крюк. Бас директордың сөзінше, қазіргі уақытта соңғы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ал бұған дейін Тәжікстан билігі Жуковский әуежайынан қатынайтын ресейлік әуекомпаниялардың рейстерін қабылдаудан бас тартқан. Бірақ бірнеше уақыттан кейін Тәжікстан мен Ресей екі әуе хабарламасын дамытуға келісім жасады.

10 желтоқсаннан бастап Шымбұлақта шаңғы, сноуборд тебу құны өседі. Бұл туралы тау-шаңғы курортының сайты жариялады. Енді ересектерге арналған абонементтер бағасы 6500 теңгеге көтеріледі. Балаларға арналған абонемент құны 2500 теңгеден 3000 теңгеге дейін көтеріледі. Ал сенбі-жексенбі, мектеп демалысы және мереке күндеріндегі үлкендерге арналған абонементтер құны 46 пайызға қымбаттайды. Демалыс және мереке күндеріндегі төрт сағаттық абонементтер бағасы да жоғарылайды. Толығырақ мына жерден білуге болады.

30 қараша апта ортасында америкалық валюта курсы қымбаттады. Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясының қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 342,03 теңгені құрады. Жалпы сауда көлемі 36 млн 200 мың доллар болды. Ақша айырбастау орындарында 30 қарашадағы доллардың жоғарғы курсы Алматыда 343 теңгені құраған.

Қайрат Сатыбалдыұлының компаниясы «Қазақтелеком» акцияларын сатып алды. Alatau Capital Іnvest  (ACI) компаниясы «Қазақтелеком» АҚ-ның 3,4 пайыз акциясын иеленді.  Қайрат Сатыбалдыұлы инвестиция тарту мақсатында 2016 жылы Alatau Capital Invest компаниясын ашқан еді. Бүгінде Қайрат Сатыбалдыұлы «Kaspi» АҚ холдингінің 30 пайыз акциясына ие. Ол Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе және Baring Vostok-пен бірге холдинг акционерлерінің қатарында. Айта кетейік, «Қазақтелеком» АҚ-ның 51 пайыз акциясына ие «Самұрық-Қазына» – компанияның негізгі акционері.

«Бәйтерек Development» АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Бақыт Жақсыбаев тұтқындалды. «Бақыт Жақсыбаев қылмыстық әрекетке қатысушылардың барлығының әрекеттеріне жетекшілік етіп, олардың арасындағы рөлдерді бөліп, алатын параларының мөлшерін бекітіп отырған»,-деп түсіндірді жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының өкілдері. Бұған дейін аталған компанияның басқарма төрағасының орынбасары Аслан Жақыпов, атқарушы директоры Ғазиза Сариева және өзге қызметкерлері қамауға алынған болатын.

2 желтоқсан, жұмада доллар 336,72 теңгені құрады. Бұл апта басындағы валюта курсымен салыстырғанда 4 теңгеге арзан. Күндізгі сессияда сауда көлемі 77 млн 800 мың доллар болды. Ақша айырбастау орындарында 2 желтоқсандағы доллардың жоғарғы курсы Алматыда 338,5 теңгені құраған.

2016 жылдың қараша айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 21,1 мың теңгені құрады. Өткен аймен салыстырғанда (23,4 мың теңге) көрсеткіш 9,8%-ға төмендеген. Ал жыл басынан бері 6,8%-ға өскен. Азық-түліктің орташа көлемі үшін 12,7 мың теңге жұмсалады, ал азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын қаржы шамамен – 8,4 мың теңге.

ЕАЭО елдері бойынша ең жоғарғы зейнетақы Қазақстанда екен. 2015 жылы ЕАЭО-да зейнетақының орташа деңгейі 42%-ды құрады. Зейнетақының ең төменгі көрсеткіші Ресейде. Мұнда зейнетақы номиналды айлық кірісінің 40%-ын құрайды. Ресейде зейнетақы көлемі ең жоғарғы деңгейге 2010 жылы жетті (40,1%). 2015 жылғы есеп бойынша зейнетақының орташа деңгейі Қазақстандағы номиналды орташа айлық кірістің 58%-ын құрайды. Соңғы он жылдағы есепке сәйкес, максимал өсім соңғы рет 2011 жылы тіркелген. Бұл уақытта зейнетақының орташа көлемі номиналды кірістің 60%-ын құрады.

Похожие материалы