Алматы. 4 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 382,48 теңгені құрады. 1 ақпандағы таңғы сессиямен салыстырғанда (381,35 теңге / $1) ұлттық валюта 1,13 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 382 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 382,70 теңге, жабылу курсы бір долларға 382,35 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 32 млн 800 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 79.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 384 теңге, Алматыда – 384,8 теңге.
Ұлттық Банктің 4 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 382,74 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.