Алматы. 21 қаңтар. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі халық арасында сауалнама жүргізіп, инфляциялық болжамдары жайында сұрады. Қатысушыларға қаржылық жағдай, баға, кіріс, болжам, инвестицияға көзқарасы туралы 30 сұрақ қойды.
Сауалнама нәтижесінде белгілі болғандай, қатысушылардың 35 пайызы ақша ұстаудың, жинаудың және көбейтудің ең тиімді жолы - жылжымайтын мүлік деп санайды екен. Рейтингтің екінші орнында - банктегі депозит (31,4 %), үшінші орында - қолма-қол түрдегі қаражат (15 %). Сұралғандардың азғантай бөлігі құндығы қағазды (2,8 %), алтынды (1,1 %), іске немесе өндіріске ақша салуды (1 %) ақша ұстаудың, жинаудың және көбейтудің тиімді жолы деп есептейді. Дегенмен іс жүзіне келгенде ақшаны депозитте ұстайтындар басым болып шықты, олардың үлесі 65,5 %. Қатысушылардың қаржылық жағдайына келсек, олардың 24%-да отбасылық кіріс 150 мың теңгеден аспайды. 70-100 мың аралығында пайда табатындар 22 %. Ал респонденттердің 18,1 %-ның кірісі 40-70 мың теңге аралығында. 300 000 теңге табысы барлардың үлесі 6,8 % болды. Көпшілігінің табысы мен шығыны артық ақша жинауға мүмкіндік бермейді. Қатысушылардың 80 % осылай деген. Инфляцияға келсек, сұралғандардың басым бөлігі бағаның өсуі бір қалыпты болды деп есептейді (44,3 %). 30 % - тауарлар мен қызметтер тым қымбаттап кетті деп санайды. 13 % сұралушы бейтарап күйде қалды немесе жауап беруге қиынсынған. Келешектен қандай ахуал күтесіз деген сұраққа қатысушылардың 25 % қымбатшылық қарқыны бәсеңдейді, тіпті бағалар төмендейді деп болжаған. 38 % бағаның өсуі бір күйде сақтала береді деп санайды. Респонденттердің 20,4 % тауар мен қызмет бағасы құны көтеріледі дейді. Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевтің айтуынша, халықтың инфляциялық болжамы іс жүзіндегі инфляция деңгейінен төмен болған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024