Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағанды облысына салынған қаржының 6,9 млрд теңгесі игерілді

Қарағанды облысына салынған қаржының 6,9 млрд теңгесі игерілді

Қарағанды. 17 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылы қаңтарда облыс кәсіпорындары мен мекемелерімен негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,9 млрд теңгеге игерілді. Инвестициялардың облыстық көлемінің 62,5 пайызы – ірі кәсіпорындарға, 4,8 пайызы – орта кәсіпорындарға, 32,7 пайызы шағын кәсіпорындарға тиесілі, деп хабарлады Қарағанды облысының статистика департаменті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің негізгі үлесін имараттар мен ғимараттардың құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстары құрайды – 71,8%. Машиналар, құрал-жабдықтар, құрал-саймандар сатып алуға инвестициялардың облыстық көлемінің 25,3%-ы, өзге де күрделі жұмыстар мен шығындарға – 2,9% келеді.

2016 жылдың қаңтар айында негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындар, ұйымдар және халық қаражаты болды. Олардың үлес салмағы былтырғы жылдың қаңтар айымен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде 8,8 пайыздық тармаққа төмендеді және 88,5%-ды құрады. Қалған 11,5%-ы қарыз қаражатына тиесілі, олардың үлес салмағы 10,8 пайыздық тармаққа артты.

Инвестициялардың негізгі көлемі өнеркәсіпте – 64,5%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде – 59,5%, кен өндіруде – 3,1% және электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 1,9% игерілді.

Похожие материалы