Қарағанды. 19 ақпан. 7kun.kz - 2015 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Қарағанды облысының Еуразиялық экономикалық одағы елдерімен (ЕАЭО) өзара сауда көлемі 1448,6 млн долларды құрады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.
Өзара сауда көлемінде экспорт – 44,6%-ды (645,8 млн доллар), импорт 55,4% (802,7 млн доллар) құрады.
Ресей Федерациясымен өзара сауда көлемі 1360,3 млн доллар (өзара сауда көлемінің 93,9%-ы) сомасында қалыптасты, Беларусь Республикасымен – 50,3 млн доллар (3,5%), Қырғызстан Республикасымен – 37,8 млн доллар (2,6%), Армения Республикасымен – 179,4 мың доллар (0,01%).
Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экпорттың жалпы көлемінде 91,4% – Ресей Федерациясына, 5,7% – Беларусь Республикасына, 2,9% Қырғызстан Республикасына келеді.
Экспорт көлемінде темірден жасалған жалпақ илек, қоспаланған, қоспаланбаған және тот баспайтын болат (Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттың жалпы көлемінен 59,8%), тас көмір, шымтезек, шекемтас және тас көмірден алынған қатты отынның ұқсас түрлері (15,3%), мырыш кендерi мен қойыртпалары (6,3%) басым.
Ресей Федерациясынан импорт Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импорттың жалпы көлемінен 95,9%-ды, Беларусь Республикасынан – 4%-ды, Қырғызстан Республикасынан – 0,1%-ды, Армения Республикасынан импорт 0,02%-ды құрады.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен облысқа темірден жасалған жалпақ илек, қоспаланған, қоспаланбаған және тот баспайтын болат (Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне импорттың жалпы көлемінен 8,5%), құрлық бетіндегі көлік құралдары, ұшатын аппараттар, жүзетін құралдар және құралдарға және жабдықтарға жататын құралдар (5,3%), қара металдан жасалған бұйымдар (5,2%) және басқа тауарлар әкелінді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024