Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Қара жұма" мерекесінде АҚШ онлайн сауда арқылы 4,47 млрд доллар пайда тапты

"Қара жұма" мерекесінде АҚШ онлайн сауда арқылы 4,47 млрд доллар пайда тапты

АҚШ-тың ірі сауда орындары "қара жұма" күнінде онлайн сауда арқылы 4,47 млрд доллар пайдаға кенелді, деп хабарлайды Lenta.Ru. Adobe Digital Index мәліметі бойынша, өткен жылмен салыстырғанда биылғы түсім 18 пайызға артқан.

Оффлайн сауда көрсеткіші төмендеген. RetailNext мәліметіне сәйкес, сауда кешендеріне келіп сауда жасағандардың саны 1,5 пайызға төмендеген. Ал 2014 жылы қайырымдылық күні мен "қара жұмада" болған жеңілдіктер ретейлерлерді қанағаттандырмаған. Сатылымның соңғы сағаттарынада тауарларға деген сұраныс аз болғандықтан жеңілдікті екі есе көбейткен. "Қара жұма" күні - АҚШ-тағы қайырымдылық мерекесінен кейін рождестволық жеңілдіктер маусымына жол ашатын күн. Мұндай күні жеңілдіктер жасау ХІХ ғасырдан бастап жалғасып келеді. Фото: www.gsconto.com

Похожие материалы