Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Аралдағы апат салдарын жою үшін араб қаржы институттары $360 миллион бөледі

Аралдағы апат салдарын жою үшін араб қаржы институттары $360 миллион бөледі

Өзбекстан үкіметі Арал теңізі аймағындағы экологиялық апаттың салдарын жою үшін 2015-2019 жылдары арабиялық қаржы институттарынан 360 млн доллар көлемінде несие тартпақшы. Бұл туралы Өзбекстанның инвестиция және сауда, сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі мәлімдеді деп хабарайды РИА Новости.

"Қаржы бөлу туралы келісімге Араб координациялық тобының (АКТ) мүшелерінің отырысында қол қойылды", - деп хабарлайды министрліктен. АКТ мүшелері және Өзбекстан үкіметі 7 жобаның тізімін нақтылады. Олардың қатарында суалған Арал теңізінің түбіне орман алқаптарын отырғызу, елдімекендерді сумен жабдықтау мен кәріз жүйесін жаңаландыру және дамыту, сондай-ақ урологиялық мекемелерді медициналық құрылғылармен жабдықтау тәрізді шаралар бар. АКТ құрамына Ислам даму банкі және Сауд Арабия даму қоры, Абу-Даби даму қоры, ОПЕК халықаралық даму қоры, Кувейт қоры кіреді.

Похожие материалы