Денвер. 13 сәуір. 7kun.kz –Қазақстандық Arbuz.kz АҚШ-та Pinemelon брендімен жұмыс істей бастады. Денвер қаласындағы алғашқы қазақстандық онлайн-супермаркет жоғары сапалы өнімдерді бірнеше сағат ішінде үйге жеткізіп береді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Компания ресми түрде сатылымды 12 сәуірде бастайды.
Бас директор Алексей Лидің айтуынша Arbuz.kz/Pinemelon.com бизнес-моделі соңғы 4 жылда Орталық Азияда өзін дәлелдеп, Arbuz.kz Қазақстандағы ең ірі онлайн-супермаркетке айналды.
Денвер "миллионер қала" ретінде таңдалған, мұнда халық санының өсуі, білім және табыс деңгейі жоғары. Американдық электрондық коммерция өнімдері мен сусындар индустриясында тұрақты және болжамды өсу байқалады, сондықтан компания АҚШ-та бизнес ашу ұтымды шешім деп санайды. Pinemelon тікелей Қазақстандық инвестициялардың көмегімен құрылады және болашақта ауқымын АҚШ-тың 30 қаласына дейін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Компания Денверде 3000 шаршы метрлік фулфилмент орталығы толығымен қайта құрып, iOS және Android үшін қосымшалардың американдық нұсқасын іске қосқан, логистиканың ақпараттық жүйелері бейімдеген. "Біздің команда АҚШ-тың азық-түлік индустриясында алпыс жылдан астам тәжірибесі бар Колорадо тұрғындарынан тұрады", - дейді Алексей Ли.
Pinemelon.com туралы:
Pinemelon.com - Денвердегі алғашқы онлайн-супермаркет 2022 жылдың сәуірінде іске қосылды. Оның мақсаты - Денвер аймағында қол жетімді бағамен жергілікті және табиғи заттарға назар аудара отырып, пайдалы өнімдерді жеткізу. Қосымша ақпаратты Pinemelon.com сайтынан табуға болады.
Arbuz.kz туралы
Өнімдерді жеткізу бойынша Онлайн-сервис Arbuz.kz Қазақстанда 2011 жылдан бастап жұмыс істейді, 2018 жылы жаңа меншік иелері мен бизнес-модельге ие болды. Сервис күн сайын 2000-нан астам жеткізу жасай отырып, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жұмыс істейді.
Arbuz.kz жұмысының ерекшелігі - клиент ыңғайлы қосымша арқылы компанияның қоймаларында орналасқан ассортименттегі 20 000 тауарға тапсырыс бере алатын толық онлайн модель. Өнім ассортименті үнемі кеңейіп отырады, жақында сатылымда дәрумендер және жергілікті фермерлік өнімдер пайда болды.