Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Армения мен Өзбекстан ресейліктер арасында карталық туризм бойынша ең танымал елдер

Армения мен Өзбекстан ресейліктер арасында карталық туризм бойынша ең танымал елдер

Ресей. 3 маусым. 7kun.kz – Ресейдегі Visa және MasterCard төлем жүйелері тоқтатылғаннан кейін азаматтар карта ашу үшін шетелге шыға бастады. Қазір мұндай карталық турлар Армения, Өзбекстан, Беларусь және Сербияда қол жетімді. Ресейліктер арасында ең танымалы Өзбекстан, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Армения мен Өзбекстан ресейлік туристерге жақсы таныс, бұл аймақтардағы экскурсиялық турлар көрші елдердің сату рейтингіне енген. Сондықтан туристер банк картасын аштыруды жоспарлағанда, оны экскурсиялық мақсатпен біріктіруге тырысады», – делінген РФ туроператорлар қауымдастығы хабарламасында.

Сондай-ақ Армения мен Өзбекстанға Мәскеуден және басқа да ірі қалалардан тікелей рейстер бар. Онда картаны бір-екі күнде алуға болады, сондықтан ресейліктер өздеріне қолайлы нұсқаларды таңдайды. Алайда Арменияда шиеленіскен саяси жағдай байқалады. Сондықтан ресейліктер көбінесе Өзбекстанға басымдық береді.

Похожие материалы