"АрселорМиттал Теміртау" АҚ реконструкциядан өткен N3 домна пешін іске қосты деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
"15 ақпанда тұтату шихтасы толығымен жүктеліп болды да 22.35-те қыздыру жұмыстары жүргізіле бастады", - делінген сейсенбі күні таратылған хабарламада. Қазақстандық меткомбинаттың мәліметтері бойынша, реконструкцияланған N3 домна пеші еңбек өнімділігін арттырып, өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Пештің жалпы көлемі 3200-ден 3848 текше метрге дейін артты. "Жетілдірілген пеш "Арселор Миталл" компаниясы топтарының аясындағы домна пештерінің ішінде техниканың соңғы талаптарына сай жабдықталған ең заманауи машиналарының бірі болды", - деп мәлімдеді "АрселорМиттал Теміртау" атқарушы директоры Иво Хмелик. N3 домна пеші реконструкцияға 2012 жылдың желтоқсанында жіберілді. Жоба мақұлданып, қаржыландыру мәселелері талқыланғаннан соң 2013 жылдың қарашасында "Имсталькон" АҚ келісім-шарт жасасты да бірден демонтаж жұмыстары басталып кетті. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ArcelorMittal халықаралық болат құю концернінің құрамына кіреді және бұл компания - Қазақстанның тау-металлургиялық секторының ірі кәсіпорны. АҚ құрамында меткомбинат және Қарағанды облысындағы 8 көмір шахтасы, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында темір кенін өндіретін 4 кеніш барПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024