Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"АрселорМиттал Теміртау" реконструкцияланған домна пешін іске қосты

"АрселорМиттал Теміртау" реконструкцияланған домна пешін іске қосты

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ реконструкциядан өткен N3 домна пешін іске қосты деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"15 ақпанда тұтату шихтасы толығымен жүктеліп болды да 22.35-те қыздыру жұмыстары жүргізіле бастады", - делінген сейсенбі күні таратылған хабарламада. Қазақстандық меткомбинаттың мәліметтері бойынша, реконструкцияланған N3 домна пеші еңбек өнімділігін арттырып, өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Пештің жалпы көлемі 3200-ден 3848 текше метрге дейін артты. "Жетілдірілген пеш "Арселор Миталл" компаниясы топтарының аясындағы домна пештерінің ішінде техниканың соңғы талаптарына сай жабдықталған ең заманауи машиналарының бірі болды", - деп мәлімдеді "АрселорМиттал Теміртау" атқарушы директоры Иво Хмелик. N3 домна пеші реконструкцияға 2012 жылдың желтоқсанында жіберілді. Жоба мақұлданып, қаржыландыру мәселелері талқыланғаннан соң 2013 жылдың қарашасында "Имсталькон" АҚ келісім-шарт жасасты да бірден демонтаж жұмыстары басталып кетті. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ArcelorMittal халықаралық болат құю концернінің құрамына кіреді және бұл компания - Қазақстанның тау-металлургиялық секторының ірі кәсіпорны. АҚ құрамында меткомбинат және Қарағанды облысындағы 8 көмір шахтасы, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында темір кенін өндіретін 4 кеніш бар

Похожие материалы