Алматы. 24 маусым. 7kun.kz – Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан медициналық мекемелерге 11 адам келіп түсті.
«Қалалық клиникалық ауруханаға 11 адам түскен. Оның 6-уы түрлі дене жарақатын алған, қалғандарын дәрігерлер тексеріп жатыр. Олардың арасында аналар мен балалар бар. Жарылыс аймағынан 34 адам қауіпсіз жерге көшірілді», - дейді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Лаура Мамырова.
Естеріңізге сала кетейік, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің хабарлауынша, жарылыс Түркістан облысы Арыс қаласының әскери бөлімінің аумағында орын алып, өрт шыққан.
Қазіргі уақытта Арыс әскери бөлімінің қоймасындағы жарылыс бойынша облыс басшысы бастаған жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар, Арыс қаласында болған оқиғаларға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде 8 (7252) 44-94-72, 35-33-66 нөмірлері бойынша, Түркістан облысы ТЖД 8 (7253) 35-83-02, ІІМ ТЖ комитетінде 8 (7172) 53-32-84, 53-32-79 нөмірлері бойынша шұғыл желі жұмыс істейді.
Шымкент қаласы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобындахабарлағандай, жоғары көрсетілген нөмірлер бойынша тәулік бойы қажетті ақпаратты алуға болады.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024