Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан 11 адам зардап шекті

Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан 11 адам зардап шекті

Алматы. 24 маусым. 7kun.kz – Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан медициналық мекемелерге 11 адам келіп түсті.

«Қалалық клиникалық ауруханаға 11 адам түскен.  Оның 6-уы  түрлі дене жарақатын алған,  қалғандарын дәрігерлер  тексеріп жатыр. Олардың арасында аналар мен балалар бар. Жарылыс аймағынан 34 адам қауіпсіз жерге көшірілді», - дейді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Лаура Мамырова.

Естеріңізге сала кетейік, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің хабарлауынша, жарылыс Түркістан облысы Арыс қаласының әскери бөлімінің аумағында орын алып, өрт шыққан.

Қазіргі уақытта Арыс әскери бөлімінің қоймасындағы жарылыс бойынша облыс басшысы бастаған жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар, Арыс қаласында болған оқиғаларға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде 8 (7252) 44-94-72, 35-33-66 нөмірлері бойынша, Түркістан облысы ТЖД 8 (7253) 35-83-02, ІІМ ТЖ комитетінде 8 (7172) 53-32-84, 53-32-79 нөмірлері бойынша шұғыл желі жұмыс істейді.

Шымкент қаласы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобындахабарлағандай, жоғары көрсетілген нөмірлер бойынша тәулік бойы қажетті ақпаратты алуға болады.



Похожие материалы