СҰРАҚ:
Жеті ай бұрын терминал арқылы банкке қарызымды төлеген едім. Енді жақында кредитімді толықтай өтеп боламын. Осыған байланысты чектердің барлығын бір жерге жинайын десем, бұрынғы чектердегі жазулар толықтай өшіп, ештеңе көрінбей қалған. Осындай жағдайда не істеу керек?
Нұрғиса Бадраков, әлеуметтік желі арқылы жолданды
Жауап:
Иә, өкінішке қарай көп жағдайда терминалдар берген чектерді жазулар өшіп қалады. Егер алдағы уақытта чектегі жазулар өшіп қалып, банк алдында кредитіңізді төлегеніңізді дәлелдеу қиын болады десеңіз, кредитті толық жапқан соң банктен төленгені туралы анықтама алып алғаныңыз жөн. Бірақ, кейбір банктерде мұндай анықтама ақылы.
Құрметті оқырман! Егер банктерге (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы, жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 707 768 21 44 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024