Сәуір айынан бастап қазақстандықтарға сыйақы мөлшерлемесі 4%-бен несиелер беріле бастайды. Осы мақсатта үкімет 15 млрд теңге қаржы бөліп отыр. Бастапқы болжам бойынша, бөлінген қаражат 6 мың автокөлікті сатып алуға жетеді екен. Бастысы, мемлекет мұндай қаржылық демеуді тек отандық автокөлікті алатындар үшін ұсынады. Осыған орай 7kun.kz осы бағдарлама аясында алуға болатын отандық автокөліктерді назарларыңызға ұсынады.
Бір ескеретіні, номинал мөлшерлеме 4% болғанымен, жылдық тиімді мөлшерлеме 7,5%-ға дейін жетуі мүмкін. Мөлшерлеме барлық сақтандыру төлемдерін қамтиды. Сатып алатын көліктің құны 5,6 миллион теңгеден (30 мың АҚШ доллары) аспауы тиіс. Осылайша, автокөліктің орташа құны 3,5-4 миллион болса, несие көлемі шамамен 3-3,5 миллион теңге болмақ. Бастапқы жарна көлік көлемінің 20%-нан аспауы қажет. Несие 3-5 жылға беріледі.
Өткенде Қазақстан конвейерлерінен шыққан жеңіл автокөліктерді назарларыңызға ұсынғанбыз, оларды мына жерден көре аласыз. Енді сіздерді отандық кроссоверлермен, жол талғамайтын көліктермен және минивендермен таныстырамыз.
Lada 4x4
Қазір халық арасында "Нива" деп аталатын бұл көліктің Қазақстанда жинақталуы тоқтатылып отыр. Дегенмен, 2014 жылғы үлгісін оп-оңай сатып алуға болады.
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 1,7 л; отын шығыны - 9,7 л/100 км (аралас цикл); күші - 83 а.к.; басқару қорабы - механика.
Комплектация/баға: 187 - 1 365 000 теңге; 197 - 1 415 000 теңге.
Geely MK Cross
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 1,5 л; отын шығыны - 6,8л/100 км (аралас цикл); күші - 94 а.к. және 177 а.к; басқару қорабы - механика.
Комплектация/баға: Classic - 3 800 000 теңге; Comfort - 4 200 000 теңге, Luxe - 4 332 000 теңге.
Chevrolet Tracker
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 1,8 л; отын шығыны - 6,4...7,9л/100 км (аралас цикл); күші - 140 а.к.; басқару қорабы - автомат/механика.
Комплектация/баға: LS - 3 182 500 теңге; LT - 3 640 000 теңге, LTZ - 4 280 000 теңге.
Kia Soul
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 1,6 л және 2,0 л; отын шығыны -7,3..7,9л/100 км (аралас цикл); күші - 124 а.к. және 154 а.к.; басқару қорабы - автомат/механика.
Комплектация/баға: Base - 3 141 000 теңге; Comfort - 3 881 000 теңге, Luxe - 4 121 000 теңге, Prestige - 4 584 000 теңге; Premium - 4 843 000 теңге, Prestige Red Package - 4 684 000 теңге
SsangYong New Actyon
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 2,0 л; отын шығыны - 8,2..8,5л/100 км (аралас цикл); күші - 149 а.к.; басқару қорабы - автомат/механика.
Комплектация/баға: Optima - 3 459 000 теңге; Comfort - 3 977 000 теңге, Prestige - 4 255 000 теңге, Premium- 4 625 000 теңге.
SsangYong Actyon Sports
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 2,0 л және 2,3 л; отын шығыны - 7,6..12,4л/100 км (аралас цикл); күші - 150 а.к және 155 а.к.; басқару қорабы - автомат/механика.
Комплектация/баға: Optima - 3 515 000 теңге; Comfort - 5 790 000 теңге (бұл комплектация арзан несиемен берілмейді).
SsangYong Nomad
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 2,3 л; отын шығыны - 10,0..11,3л/100 км (аралас цикл); күші - 150 а.к.; басқару қорабы - автомат/механика.
Комплектация/баға: Optima - 3 237 000 теңге; Comfort - 3 422 000 теңге, Prestige - 3 792 000 теңге, Premium- 4 088 000 теңге.
Geely Emgrand X7
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 1,8 л, 2,0 л және 2,4 л; отын шығыны - 8,6..9,5л/100 км (аралас цикл); күші - 127 а.к., 139 а.к. және 158 а.к; басқару қорабы - автомат/механика.
Комплектация/баға: Intense - 2 750 000 теңге; Comfort - 3 075 000 теңге, Prestige - 3 569 000 теңге.
Hyundai Tucson
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 2,0 л; отын шығыны - 7,0 л/100 км (аралас цикл); күші - 149 а.к.; басқару қорабы - автомат/механика.
Комплектация/баға: Base - 4 360 000 теңге; GLS - 4 660 000 теңге, Optima - 5 040 000 теңге; Lux - 5 390 000 теңге.
KIA Sportage
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 2,0 л; отын шығыны - 8,4..9,2л/100 км (аралас цикл); күші - 154 а.к. және 177 а.к; басқару қорабы - автомат/механика.
Комплектация/баға: Classic - 3 800 000 теңге; Comfort - 4 200 000 теңге, Luxe - 4 332 000 теңге.
ŠKODA Yeti
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 1,2 л, 1,4 л және 1,8 л; отын шығыны - 6,1..8,0л/100 км (аралас цикл); күші - 105 а.к., 110 а.к. және 122-152-160 а.к; басқару қорабы - автомат/механика.
Комплектация/баға: Active - 3 801 000 теңге; Ambition - 4 148 000 теңге, Elegance - 4 551 000 теңге.
Елімізде ŠKODA Yeti-дің Outdoor деген үлгісі шығарылады, орташа есеппен алғандағы бағасы — 3 920 000 теңге.
SsangYong Kyron
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 2,3 л; отын шығыны - 10,7..11.7 л/100 км (аралас цикл); күші - 149 а.к.; басқару қорабы - автомат/механика.
Комплектация/баға: Optima - 3 607 000 теңге; Comfort - 3 792 000 теңге, Prestige - 3 885 000 теңге, Premium- 4 810 000 теңге.
Peugeot 3008
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 1,6 л; отын шығыны - 6,7..7,6 л/100 км (аралас цикл); күші - 120 а.к. және 150 а.к; басқару қорабы - автомат/механика.
Комплектация/баға: Active - 4 625 000 теңге; Allure - 4 939 000 теңге.
Chevrolet Captiva
Сипаттамалары:жеті орынды кроссовер; қозғалтқыш көлемі - 2,4 л және 3,0 л; отын шығыны - 9,3..10,7 л/100 км (аралас цикл); күші - 167-258 а.к.; басқару қорабы - автомат.
Комплектация/баға: LT Base - 4 700 000 теңге; LT - 5 181 000 теңге, LTZ - 5 538 000 теңге.
Kia Sorento
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 2,4 л және 3,3 л; отын шығыны - 9,5..10,5 л/100 км (аралас цикл); күші - 170 а.к. және 266 а.к; басқару қорабы - автомат/механика.
Комплектация/баға: Base - 5 230 000 теңге; Comfort - 5 249 000 теңге, Luxe - 5 649 000 теңге, Prestige - 6 230 000 теңге, Premium- 7 030 000 теңге (Luxe, Prestige, Premium комплектациялары арзан несиемен берілмейді).
ŠKODA Superb Combi Outdoor
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 1,8 л; отын шығыны - 7,3 л/100 км (аралас цикл); күші - 160 а.к.; басқару қорабы - автомат.
Комплектация/баға: Ambition - 5 055 000 теңге, Elegance - 5 200 000 теңге.
Chevrolet Orlando
Сипаттамалары:жеті орынды минивен; қозғалтқыш көлемі - 1,8 л; отын шығыны - 7,3 л/100 км (аралас цикл); күші - 141 а.к.; басқару қорабы - автомат.
Комплектация/баға: Base - 3 975 000 теңге; LS - 4 158 000 теңге, LT - 4 542 000 теңге.
Kia Carens
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 2,0 л және 3,3 л; отын шығыны - 7,3..7,5 л/100 км (аралас цикл); күші - 150 а.к.; басқару қорабы - автомат/механика.
Комплектация/баға: Base - 3 907 000 теңге; Family - 4 457 000 теңге, Prestige - 4 989 000 теңге, Premium - 5 173 000 теңге.
Peugeot Partner VU
Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 1,6 л; отын шығыны - 8,2 л/100 км (аралас цикл); күші - 110 а.к.; басқару қорабы - механика.
Комплектация/баға: Active - 2 960 000 теңге.
Несилендіру шарттарына байланысты (көліктің құны 5,6 миллион теңгеден (30 мың АҚШ доллардан) аспауы тиіс) Kia-ның 4 моделі (Cadenza, Quoris, Carnival және Mohave), SsangYong-тың 3 моделі (Rexton, Rodius және Chairman), ŠKODA Superb пен Toyota Fortuner көліктері бұл бағдарламадан тыс қалды.
Көліктердің бағалары қазақстандық дилерлердің ресми сайттарынан алынды.
Дайындаған Алмас Өтебай «7»
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024