Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Арзан несиемен алуға болатын отандық автокөліктер. Екінші бөлім

Арзан несиемен алуға болатын отандық автокөліктер. Екінші бөлім

Сәуір айынан бастап қазақстандықтарға сыйақы мөлшерлемесі 4%-бен несиелер беріле бастайды. Осы мақсатта үкімет 15 млрд теңге қаржы бөліп отыр. Бастапқы болжам бойынша, бөлінген қаражат 6 мың автокөлікті сатып алуға жетеді екен. Бастысы, мемлекет мұндай қаржылық демеуді тек отандық автокөлікті алатындар үшін ұсынады. Осыған орай 7kun.kz осы бағдарлама аясында алуға болатын отандық автокөліктерді назарларыңызға ұсынады.

Бір ескеретіні, номинал мөлшерлеме 4% болғанымен, жылдық тиімді мөлшерлеме 7,5%-ға дейін жетуі мүмкін. Мөлшерлеме барлық сақтандыру төлемдерін қамтиды. Сатып алатын көліктің құны 5,6 миллион теңгеден (30 мың АҚШ доллары) аспауы тиіс. Осылайша, автокөліктің орташа құны 3,5-4 миллион болса, несие көлемі шамамен 3-3,5 миллион теңге болмақ. Бастапқы жарна көлік көлемінің 20%-нан аспауы қажет. Несие 3-5 жылға беріледі.

Өткенде Қазақстан конвейерлерінен шыққан жеңіл автокөліктерді назарларыңызға ұсынғанбыз, оларды мына жерден көре аласыз. Енді сіздерді отандық кроссоверлермен, жол талғамайтын көліктермен және минивендермен таныстырамыз.

Lada 4x4

лада 4-4

Қазір халық арасында "Нива" деп аталатын бұл көліктің Қазақстанда жинақталуы тоқтатылып отыр. Дегенмен, 2014 жылғы үлгісін оп-оңай сатып алуға болады.

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 1,7 л; отын шығыны - 9,7 л/100 км (аралас цикл); күші - 83 а.к.; басқару қорабы - механика.

Комплектация/баға: 187 - 1 365 000 теңге; 197 - 1 415 000 теңге.

Geely MK Cross

1424277125

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 1,5 л; отын шығыны - 6,8л/100 км (аралас цикл); күші - 94 а.к. және 177 а.к; басқару қорабы - механика.

Комплектация/баға: Classic - 3 800 000 теңге; Comfort - 4 200 000 теңге, Luxe - 4 332 000 теңге.

Chevrolet Tracker

TRACKER-ROJA

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 1,8 л; отын шығыны - 6,4...7,9л/100 км (аралас цикл); күші - 140 а.к.; басқару қорабы - автомат/механика.

Комплектация/баға: LS - 3 182 500 теңге; LT - 3 640 000 теңге, LTZ - 4 280 000 теңге.

Kia Soul

kia-soul-red-zone-20-2_653

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 1,6 л және 2,0 л; отын шығыны -7,3..7,9л/100 км (аралас цикл); күші - 124 а.к. және 154 а.к.; басқару қорабы - автомат/механика.

Комплектация/баға: Base - 3 141 000 теңге; Comfort - 3 881 000 теңге, Luxe - 4 121 000 теңге, Prestige - 4 584 000 теңге; Premium - 4 843 000 теңге, Prestige Red Package - 4 684 000 теңге

SsangYong New Actyon

8212aad8f817e907a2dc2598eee3e47f

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 2,0 л; отын шығыны - 8,2..8,5л/100 км (аралас цикл); күші - 149 а.к.; басқару қорабы - автомат/механика.

Комплектация/баға: Optima - 3 459 000 теңге; Comfort - 3 977 000 теңге, Prestige - 4 255 000 теңге, Premium- 4 625 000 теңге.

SsangYong Actyon Sports

nova_as_paisagem_2

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 2,0 л және 2,3 л; отын шығыны - 7,6..12,4л/100 км (аралас цикл); күші - 150 а.к және 155 а.к.; басқару қорабы - автомат/механика.

Комплектация/баға: Optima - 3 515 000 теңге; Comfort - 5 790 000 теңге (бұл комплектация арзан несиемен берілмейді).

SsangYong Nomad

03NOMAD-03

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 2,3 л; отын шығыны - 10,0..11,3л/100 км (аралас цикл); күші - 150 а.к.; басқару қорабы - автомат/механика.

Комплектация/баға: Optima - 3 237 000 теңге; Comfort - 3 422 000 теңге, Prestige - 3 792 000 теңге, Premium- 4 088 000 теңге.

Geely Emgrand X7

geely-emgrand-x7-crossover_6_

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 1,8 л, 2,0 л және 2,4 л; отын шығыны - 8,6..9,5л/100 км (аралас цикл); күші - 127 а.к., 139 а.к. және 158 а.к; басқару қорабы - автомат/механика.

Комплектация/баға: Intense - 2 750 000 теңге; Comfort - 3 075 000 теңге, Prestige - 3 569 000 теңге.

Hyundai Tucson

33911d63ee4daa89364c3391ab316d03_flipped

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 2,0 л; отын шығыны - 7,0 л/100 км (аралас цикл); күші - 149 а.к.; басқару қорабы - автомат/механика.

Комплектация/баға: Base - 4 360 000 теңге; GLS - 4 660 000 теңге, Optima - 5 040 000 теңге; Lux - 5 390 000 теңге.

KIA Sportage

2New-Kia-Sportage-2

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 2,0 л; отын шығыны - 8,4..9,2л/100 км (аралас цикл); күші - 154 а.к. және 177 а.к; басқару қорабы - автомат/механика.

Комплектация/баға: Classic - 3 800 000 теңге; Comfort - 4 200 000 теңге, Luxe - 4 332 000 теңге.

ŠKODA Yeti

yeti-05

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 1,2 л, 1,4 л және 1,8 л; отын шығыны - 6,1..8,0л/100 км (аралас цикл); күші - 105 а.к., 110 а.к. және 122-152-160 а.к; басқару қорабы - автомат/механика.

Комплектация/баға: Active - 3 801 000 теңге; Ambition - 4 148 000 теңге, Elegance - 4 551 000 теңге.

Елімізде ŠKODA Yeti-дің Outdoor деген үлгісі шығарылады, орташа есеппен алғандағы бағасы — 3 920 000 теңге.

SsangYong Kyron

SsangYong-Kyron-1024x768

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 2,3 л; отын шығыны - 10,7..11.7 л/100 км (аралас цикл); күші - 149 а.к.; басқару қорабы - автомат/механика.

Комплектация/баға: Optima - 3 607 000 теңге; Comfort - 3 792 000 теңге, Prestige - 3 885 000 теңге, Premium- 4 810 000 теңге.

Peugeot 3008

3008

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 1,6 л; отын шығыны - 6,7..7,6 л/100 км (аралас цикл); күші - 120 а.к. және 150 а.к; басқару қорабы - автомат/механика.

Комплектация/баға: Active - 4 625 000 теңге; Allure - 4 939 000 теңге.

Chevrolet Captiva

Captiva_Model_Overview_Majestic_Look_Shot1_980x419_01

Сипаттамалары:жеті орынды кроссовер; қозғалтқыш көлемі - 2,4 л және 3,0 л; отын шығыны - 9,3..10,7 л/100 км (аралас цикл); күші - 167-258 а.к.; басқару қорабы - автомат.

Комплектация/баға: LT Base - 4 700 000 теңге; LT - 5 181 000 теңге, LTZ - 5 538 000 теңге.

Kia Sorento

Kia-Sorento-1

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 2,4 л және 3,3 л; отын шығыны - 9,5..10,5 л/100 км (аралас цикл); күші - 170 а.к. және 266 а.к; басқару қорабы - автомат/механика.

Комплектация/баға: Base - 5 230 000 теңге; Comfort - 5 249 000 теңге, Luxe - 5 649 000 теңге, Prestige - 6 230 000 теңге, Premium- 7 030 000 теңге (Luxe, Prestige, Premium комплектациялары арзан несиемен берілмейді).

ŠKODA Superb Combi Outdoor

9331_skoda-superb-combi-outdoor-wordt-avontuurlijk

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 1,8 л; отын шығыны - 7,3 л/100 км (аралас цикл); күші - 160 а.к.; басқару қорабы - автомат.

Комплектация/баға: Ambition - 5 055 000 теңге, Elegance - 5 200 000 теңге.

Chevrolet Orlando

Chevrolet-Orlando-1

Сипаттамалары:жеті орынды минивен; қозғалтқыш көлемі - 1,8 л; отын шығыны - 7,3 л/100 км (аралас цикл); күші - 141 а.к.; басқару қорабы - автомат.

Комплектация/баға: Base - 3 975 000 теңге; LS - 4 158 000 теңге, LT - 4 542 000 теңге.

Kia Carens

Kia-Carens-Toys-R-Us-1

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 2,0 л және 3,3 л; отын шығыны - 7,3..7,5 л/100 км (аралас цикл); күші - 150 а.к.; басқару қорабы - автомат/механика.

Комплектация/баға: Base - 3 907 000 теңге; Family - 4 457 000 теңге, Prestige - 4 989 000 теңге, Premium - 5 173 000 теңге.

Peugeot Partner VU

peugeot-PARTNER-securite-1920

Сипаттамалары: қозғалтқыш көлемі - 1,6 л; отын шығыны - 8,2 л/100 км (аралас цикл); күші - 110 а.к.; басқару қорабы - механика.

Комплектация/баға: Active - 2 960 000 теңге.

Несилендіру шарттарына байланысты (көліктің құны 5,6 миллион теңгеден (30 мың АҚШ доллардан) аспауы тиіс) Kia-ның 4 моделі (Cadenza, Quoris, Carnival және Mohave), SsangYong-тың 3 моделі (Rexton, Rodius және Chairman), ŠKODA Superb пен Toyota Fortuner көліктері бұл бағдарламадан тыс қалды.

Көліктердің бағалары қазақстандық дилерлердің ресми сайттарынан алынды.

Дайындаған Алмас Өтебай «7»

Похожие материалы