-
Қаражатымды қайда сақтасам деген ой көбімізді мазалайды. Білетіндер біз ақшаға емес, ақша бізге жұмыс істеуі керек дейді. Сол ақшаны бізге жұмыс істеткізетін – инвестиция. Инвестиция құралдары – ақшаны әлденеге салып, содан пайда табу тәсілі. Ақша салу тәсілдері де көп, солардың негізгілері: банкте депозит ашу, акциялар сатып алу, валюта сатып алып жинау, жылжымайтын мүлік, құнды металдар, білім.Әдетте көп адам алдымен ақшасын жұмсап, содан қалғанын қорға сақтау үшін жинай бастайды. Бірақ «Айдың аяғында қалған ақшаны жинаймын» ұстанымы дұрыс емес. Көбіне адамдар қанша тапса, сонша жұмсайды. Ақша жинау тиімді болуы үшін «Алдымен өзіңе төле» принципін ұстану керек. Қолыңызға ақша тиісімен, оның 10-20% банк депозитіне салыңыз. Бұл тәсіл сізді инфляциядан қорғайды. Ал қалған ақшаңызды қалауыңызша жұмсай беріңіз. Депозитке салып қойған ақшаның жетпей тұрғанын сезбей де қаласыз.
-
[caption id="attachment_59003" align="alignnone" width="800"] Фото: Emoney-Market.com[/caption] Қаржы сақтаудың баршаға белгілі және ең қарапайым жолы – банкте депозит ашу. Мұндағы бастысы – банкті дұрыс таңдай білу. Өзіңізге қолайлы банкті таңдау кезінде асығыстық жасамаған жөн. Басты шарты – оның сенімділігі, ал табыс мөлшері екінші кезекте. Банктің депозит мөлшерлемесін есептегенде, болжалды инфляция деңгейін емес, нарықтағы қаржы жағдайын ескерген дұрыс. Депозитке салған қаражатыңыз көбейіп, өсіп кетпесе де, сақтаулы тұратынына кәміл сенімді болыңыз.
-
Қолыңыздағы ақшаны сақтау үшін оны үш валютаға бөліп депозитке салу не үйіңізде сақтау керек екені көп айтылып жүр. Алайда, дәл қазір қандай да бір зат сатып алу керек болса, қай валютадағы ақшаны жұмсаған дұрыс. Қай валютаның теңгеге шаққандағы құны жоғары болса, сол валютаны жұмсаған дұрыс. Мысалы, сіз тоңазытқыш сатып алғыңыз келді делік. Қолыңызда теңге, еуро және доллар бар. Дәл қазір еуроның бағасы ең шырқау шегіне келіп тұр делік. Сол еуроны сатасыз да, тоңазытқыш сатып аласыз. Ал тағы бір зат сатып алу керек болғанда, қолыңыздағы валютаның бағамы шырқау шегіне жеткенін тағы күте тұрсаңыз болады.[caption id="attachment_77857" align="alignnone" width="1200"] Фото: money24.kharkov[/caption]
-
Отбасы бюджетін жоспарлау мен жұмсау кезінде міндетті түрде 50/20/30 қатынасына ұмтылу керек. Мұндағы 20 пайыз ең маңызды бөлігі. Ай сайынғы табысыңыздың 50 пайызы ең қажет шығындарға: пәтер жалдау ақысы немесе ипотека төлемі, көлік шығындары, азық-түлік, коммуналдық төлемдер және күн көріске қажет басты қажеттіліктерге жұмсалуы тиіс. 20 пайыз бар болса қарыздарды өтеуге жұмсалатын, қарызыңыз жоқ болса - тиіспей сақтап қойылатын бөлігі. Қалған 30 пайызы шопинг, қыдыру, сауық-сайран сынды қажеттіліктеріңізге жұмсалады. Әрине, бәрі өздігінен осылай бола салмайды. Кейбіреулер пәтер жалдауға табысының көп бөлігін жұмсайды.Әйтсе де, 50/20/30 қатынасын міндетті түрде ұстануға ұмтылуы керек!
-
[caption id="attachment_77858" align="alignright" width="300"] Фото: google.com[/caption]
-
Әмияныңыздағы қағаз ақшаны жұмсамауға көмектесетін қызық бір тәсіл бар. Күн сайын кешке үйге келген кезде әмияндағы тиын ақшаның бәрін бір ыдысқа салыңыз, қағаз ақша сол күйі қала берсін. Осыны үнемі жасап отыруды әдетке айналдырыңыз. Осылайша, майда шығындардан құтыласыз дейді психологтар. Мұндай жағдайда адамның тиын шығарғысы келмейтін қызғаншақтығы өзіне пайда әкеледі. Өйткені, қағаз ақшаны майдалау тиынды жұмсай салудан қиын көрінеді. Ал бір аптадан кейін «шық бермес Шығайбайлықтың» нәтижесін көресіз: тиын салынған ыдыста біраз ақша жиналып қалады. Енді сол ақшаны ақылмен жұмсасаңыз, әмияндағы қағаз ақшаңыз бүтін қалады. Тиынды бір айдан кейін қайта санап көруге болады. Мысалы, үнемшіл немістер саяхатқа шығатын ақшасын осылай да жинап алады екен.[caption id="attachment_77861" align="alignnone" width="695"] Фото: google.com[/caption]
-
«Несие алсам ба?»,-деп ойлап жүрсеңіз, мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз. Несие алып сатып алғыңыз келетін зат сізге аса қажет пе?Несиені өтеу шығыны отбасы бюджетінің 15 пайызынан аз ба? Жұмыста ешқандай мәселе туындамайтынына сенімдісіз бе? Мәселе туындай қалса, басқа жұмысты жылдам тауып ала аласыз ба? Осы үш сұрақтың біреуіне болса да «жоқ» деп жауап берсеңіз, мүмкіндіктеріңізді тағы бір рет қарап шығып, несие алу туралы ойыңыздан бас тартқаныңыз жөн.Несие рәсімдеген кезде келісім шартта не жазылғанына мұқият мән беріңіз. Салақтықтың салдары жақсылыққа апармайды. Байқамай банктің "құлы" болып кетпеу үшін, әр клиент шарттың мазмұнын толық оқып, қажет болса, оған өзгерту енгізуге құқылы. Өз мүддесін қорғау жолында банк клиенттері несие туралы ақпарат алу кезінде-ақ өз мүмкіндіктеріне баға беруі тиіс. Несиені өтеу кезінде қиындық туындаса, банктен "несие үзілісін" сұрап алуға болады. Қиын жағдайдан шығудың жақсы жолы, алайда, пайыздық үстемесін бәрібір төлеуге тура келеді, сондай-ақ, қосымша шарт жасау керек болады.Мейірім Бақытжанова
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024