Теңге бағамын реттеу 2016-2018 жылдар аралығындағы республикалық бюджет параметрлеріне әсер етеді. Ұлттық валютаның құнсыздануының плюсынан минусы көп деді үш жылдық бюджетті талқылау барысындағы отырыста қаржы вице-министрі Лена Кармазина.
"Осы жылдың макроэкономикалық көрсеткіш өзгерістері алдағы үш жылда да көрінетін болады (Мемлекеттің бюджетте 2016-2018 жылғы) Ең басты бізді алаңдататын параметрлердің өзгеруі яғни теңге бағамын реттеу және инфляция деңгейі",- деді Л.Кармазина.
"Әрине, көбі ойлайды, теңге бағамын реттеу ол оң әсерін тигізеді деп. Плюстары бар ғой бірақ минустары оның көп. Себебі біздің шетел валюталарымен көптеп байланған шығындарымыз бар. Олар біздің халықаралық міндеттемелеріміз" - деді Л.Кармазина сөзін жалғастырып.
Вице-министрдің сөзінше, егер "инфляцияны санағанның өзінде" қарызға қызмет көрсету бағасы 100 миллиард теңгеге дейін өседі. Сонымен қатар дәрі-дәрмек бағалары өсетін болады және қауіпсіздік шығындары да артады.
Фото thenews.kz сайтынан алынды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024