Инновациялық технологиялардың дамыған заманында адамның күнделікті тұрмыстағы жұмысын жеңілдететін қосымшалардың саны күннен-күнге артып келеді. Бұрын бірнеше адам бірігіп істейтін жұмыс 21 ғасырда бір ғана гаджеттің, қосымшаның арқасында жүзеге асады. Назарларыңызға қаржыңызды есептеп, шығынға ұшырау қаупінен сақтайтын пайдалы қосымшаларды ұсынамыз.
- Бүгінгі таңда адам өмірін ұялы телефонсыз елестету қиын. Ол адамдар арасындағы ақпарат алмасудың құралы болудан бөлек, бірнеше маңызды қызметтерді жүзеге асырады. Ұялы телефонға жұмсалатын қаржының өзі сізді үлкен болмаса да кіші шығынға алып келуі мүмкін. Ал Roamer қосымшасы сіздің ұялы телефоныңызда бірліктің жоқ болуына қарамастан, wi-fi желісі арқылы жақындарыңызға, достарыңызға қоңырау шалуға мүмкіндік береді. Қосымшаға міндетті түрде тіркелуіңіз қажет. SIM-картаңызды жоғалтқан күннің өзінде ондағы мәліметтің барлығы қосымшаның жадында сақталады. Сондай-ақ шетелге шыққанда Roamer қосымшасының көмегімен халықаралық қоңырауларға жұмсалатын ақшаңыз екі-үш есе азаяды.
2. Яндекс Март - дүкендегі қарапайым өнімнен бастап тұрмыста қолданылатын материалдық заттар жайында ақпарат беретін үздік қосымша. Ол Яндекс интернет желісінің төл өнімі. Қосымша қалауыңыз бойынша өзіңізге қажетті тауардың сапасын, қолжетімді құнын көрсетеді. Қазақстандағы ірі дүкендердің басым көпшілігі Яндекс маркетке тіркелген. Олардың рейтингісі бес жұлдыздық баға беру тәсілімен анықталады. Сондай-ақ қосымшада тауарды штрих-коды бойынша тексеру, онлайн тапсырыс беру жүйелері жұмыс істейді.
[caption id="attachment_67423" align="aligncenter" width="680"] Фото: blog.sempeak.com[/caption]- Chocolife.me - Қазақстанның электронды нарығында тауардың барлық түрлеріне жеңілдіктер беретін ірі коммерциялық компания. Холдинг Chocofamily деп аталатын ChocoMart, ChocoTravel, Chocofood, Lensmark, Сhocolife.me сайттарынан құралған. Әр сайттың өз қосымшасы бар. Қосымшада қалаңыздағы мәдени ойын-сауық шаралардан бастап, адам өмірі үшін қажетті қызмет түрлеріне 70-80 пайыз жеңілдік көрсетілген. Қосымшадағы жеке кабинетіңізге кіріп, өзіңізді қызықтыратын жеңілдік туралы хабарламаларды ала аласыз. Сhocolife.me купондарын Qiwi терминалдарының, банктік картаңыздың көмегімен сатып алуыңызға болады. Қосымша Android, IOS жүйесінде жұмыс істейді.
4. Егер қаржыңызды дұрыс жүргізуден қиналсаңыз Money lover қосымшасы сіздің жеке бюджетіңізді ретке келтіріп, қаржы есебіңізді дұрыс жүргізіп, кіріс пен шығысыңызды бақылап береді. Қосымша ұялы телефоныңызға жүктелген соң, міндетті түрде тіркелу қажет. Бұл ұялы телефоныңызды жоғалтып алған жағдайда қосымшадағы мәліметтеріңіз өшіп қалмас үшін жасалған сақтық шаралардың бірі. Money lover бірнеше тілде жұмыс істейді. Доллар, рубль, евро, теңге валюталарының біреуінде қаржыңызды есептеуіңізге мүмкіндік берілген. Қосымшаға жалақыңыздың көлемін, табыстарыңыз бен күнделікті шығындарыңызды, қарыз ақшаңызды енгізіп отырыңыз. Money lover барлығын есептеп, сізге күнделікті жұмсауға болатын ақша көлемін шығарып береді.
[caption id="attachment_67425" align="aligncenter" width="600"] apkmos.com[/caption]- Uber қосымшаcы аз ғана уақыттың ішінде таксиге тапырыс беру үшін жасалған. Uber такси әлемнің бес жүз қаласында жұмыс істейді. Оның Яндекс немесе InDriver таксилерінен ең басты айырмашылығына қоғамның оған деген сенімділігін, қызмет сапасының жоғарылығын жатқыза аламыз. Қосымша жолаушыға өзіне ыңғайлы қозғалыс бағытын таңдауға мүмкіндік береді. Uber таксиде әр километрге 20 теңге, ал минутына 2,5 теңге жұмсалады. Таксиге тапсырыс бергенде қосымшадан сіз таксист жайлы барлық ақпаратты аласыз. Нақтырақ айтқанда, оның көлігі, аты-жөні, таксист жайлы жолаушылардың пікірін, жүргізушілер арасындағы рейтингімен танысасыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024