Қытайдағы қазақтардың жаппай көшуі халықаралық дәрежеде резонанс тудырады. Бұл оқиға БҰҰ өкілдерінің, АҚШ, Англия сияқты елдердің назарын аудартты. Қазақтардың аман қалған азғантай бөлігі Түркияға келіп қоныстанған соң, ағылшын Годфри Лайас осы елге келіп қазақтармен кездесіп, осы кітабында айтылатын әңгімелерді жазып алады.
[su_quote]Бақытжан Бұқарбай бұл кітапты аударудағы басты себептердің бірі – құнды әрі тың деректердің көптігі дейді. Мысалы, Шығыс Түркістан қазақтары коммунистер келгенге дейін ағылшын тілін оқығаны туралы бұрын еш жерде айтылмады. Сондай-ақ «Қара жорға», «Елік биі» секілді ұлттық би түрлері, қазақтардың соғысу тәсілдері туралы т.б. қызықты ақпарат бар.[/su_quote]Сондықтан қазақ және орыс тілдеріне аударылған бұл кітаптың қарапайым оқырманға да, қазақ халқының тарихына қатысты жаңа фактілерге қызыққан зерттеуші үшін де берері бар.
[caption id="attachment_100959" align="aligncenter" width="1112"] Бақытжан Бұқарбай. Фото: facebook.com/bakhytzhan.bukharbai[/caption]Ағылшын авторының кітабы қазақ тілінде «Аспантау асқан үркін көш», орыс тілінде «Великий исход казахов» деп аталады.
Бұл шығармадан оқырман қандай пайда алады және нені біле алады? Осылар төңірегінде біз маңызды деген 7 фактіні тізіп шықтық:
1. Объективтілік
Автор оқиғаларды баяндағанда белгілі бір тарапты жақтамай, барынша бейтарап формада беруге тырысады. Бұл сюжеттің сол күйінде, шынайы берілуіне және оқырман тарапынан бұрмалаусыз қабылдануына септігін тигізеді. Бірақ қазақтарға жанашырлығын да жасыра алмайды.2. Қайта тәрбиелеу лагерлерінің пайда болуы
Қазір жиі айтылып жүрген тақырыптардың бірі. Бұның алғышарттары кітапта баяндалған оқиғалар кезеңінде қалыптаса бастаған екен. Бұл көрші елде қалай және не себепті пайда болды – осы жайында түсінік қалыптастыруға болады.3. Жаһандық мәселенің көтерілуі
Кітап қазақ халқының басынан өткен қиын-қыстау кезеңді әңгімелейді дегенімізбен, бұл жалпы әлемнің кез келген халқына қатысты проблеманы қозғайды – бостындыққа ұмтылу, азаттықты аңсау, еркіндік үшін, тәуелсіздік құндылығы үшін күрес.
4. Тың деректер
Қазақ мәдениетіне және тұрмыс-салтына қатысты бұрын-соңды көп айтыла бермеген, немесе мүлдем ұмыт болған жаңа дүниелер бар. Мысалы Шыңжан қазақтары өмірін күрес жолына арнаған тұлғаларды Абылай хан медалімен марапаттайтын болған, коммунистер келгенге дейін Шығыс Түркістан халықтарына ағылшын тілі оқытылған. Бізге белгісіз болып келген бұндай деректер жетерлік.
5. Батырлық, ерлік оқиғалары
Оспан батыр секілді классикалық сипаттағы батырлардың соңғы өкілдерінің ерлігі жайында, қазақтардың тау арасында күші басым жаумен шайқасу тәсілдері туралы, басқа да қызықты ақпарат бар.
6. Зерттеушілерге дереккөз
Босқынға ұшыраған қазақтардың көп жылдық сапары барысында талай оқиғалар болды, бірнеше мемлекеттің территориясында пана іздеуге мәжбүр еді. Осы кезеңдегі деректер тарих пен этнографияға қызыққан зерттеуші үшін жаңа қайнар көз қызметін атқара алады. Әрі қарай жаңалық ашам деушілерге қызық материал болар еді.7. Кітаптың екі тілде қол жетімді болуы және жеке кітапхананы толықтыратын бірегей шығарма
Кітап «Аспантау асқан үркін көш» және «Великий исход казахов» деген атаулармен қазақ және орыс тілінде шығып отыр. Сондықтан Қазақстанда тұратын кез келген оқырман үшін бұл шығарма қол жетімді.
Кітаптың екі нұсқасын аударуға 10 (орысша) және 12 (қазақша) күн кеткен. Екеуі де 1000 дана таралыммен шығады. Кітапты 15 қаңтардан бастап order.amalbooks.kz ресурсы арқылы онлайн сатып алуға болады.Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024