Бейбітшілік көшесінен Республика даңғылына дейінгі аумақта Жангелдин көшесін қайта жөндеуден өткізуге байланысты, аталған жер уақытша жабық. Қазіргі таңда су құбыры, канализация және өзге де жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, көшенің жабық бөлігін абаттандыру, жарықтандыру сынды жұмыстардың жасалуы жоспарлануда деп хабарлайды astana.kz.
Жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатқан уақытта Астана қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қала тұрғындарынан өз қозғалыс маршруттарын жоспарлауды сұрап отыр. Бөгенбай батыр даңғылынан Сейфуллин көшесіне дейінгі Бейбітшілік көшесінің айналма жолы: № 9 бағыт - Бейбітшілік көшесіндегі вокзалдан бастап - Бөгенбай батыр даңғылы - Жеңіс даңғылы - Кенесары көшесі, ары қарай бұрынғы жолмен жүреді. Қайтар жолы да осындай. № 10 бағыт - Бейбітшілік көшесіндегі вокзалдан бастап - Бөгенбай батыр даңғылы - Республика даңғылы, ары қарай бұрынғы жолмен. Қайтар бағыты да осындай. № 23 бағыт - Бейбітшілік көшесіндегі вокзалдан бастап - Бөгенбай батыр даңғылы - Жеңіс даңғылы - Кенесары көшесі, ары қарай бұрынғы жолмен жүреді. Қайтар жолда: Республика даңғылы - Абай даңғылы - Әуезов көшесі Сейфуллин көшесі - Жеңіс көшесі - Бөгенбай батыр даңғылы - Бейбітшілік көшесі, ары қарай бұрынғы жолмен жүреді. № 33 бағыт - Бейбітшілік көшесінде агроқалашықтан - Бөгенбай батыр даңғылы - Жеңіс даңғылы - Сейфуллин көшесі, ары қарай бұрынғы жолмен. Қайтар бағыты да осындай.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024