Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Астана Банкі» салымшыларына 35,2 млрд теңге өтемақы төленді

«Астана Банкі» салымшыларына 35,2 млрд теңге өтемақы төленді

Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz – Еуразиялық банк «Астана Банкі» АҚ-тың клиенттеріне 35,2 млрд теңгеге жуық сомаға кепілді өтемақы төледі. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақы төлеу 2019 жылғы 26 қаңтарда басталды, осы уақытта банк «Астана Банкі» АҚ-тың 41 866 клиентіне қызмет көрсетті.

«Астана Банкі» АҚ клиенттері ағынының айтарлықтай азаюына байланысты банк Қазақстанның ірі қалаларында «Астана Банкі» салымшыларына арналған 9 арнайы ақы төлеу орталығын жапты.

Өтемақы төлеу бөлімшелердің жұмыс режиміне сәйкес банктің жеке тұлғаларға қызмет көрсететін барлық бөлімшелерінде 2019 жылғы 26 шілдеге дейін жалғасады.

Өтемақы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының қаражатынан – жинақталған сыйақыны ескере отырып «Астана Банкі» АҚ клиенттерінің салымдары, ағымдағы шоттары және төлем карточкалары бойынша төленеді.

2019 жылғы 26 шілдеден кейін агент банктің бөлімшелеріне жүгінбеген салымшылардың өтемақы төлеу туралы өтінішті тікелей Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына беріп, өтемақыны қолма-қол емес аударым арқылы алуға мүмкіндігі болады.

Похожие материалы