Биылдан бастап «Астана» халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бастайды. Бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 29 отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
Қазіргі уақытта орталықтың негізгі заңды базасы құрылған. Алдағы уақытта практикалық жұмыстар жүзеге асырыла бастайды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы жаңа орталық Қазақстанға тартылатын инвестиция көлемін арттырып, заманауи технологияларды әкелуге негіз болады деген ойын жеткізді. Дегенмен, Қазақстан экономикасына инвестиция құятын компаниялар еліміздегі бизнес үшін жасалған жеңілдіктердің көбейтілуін қалайтынын айтты. Жиында барысында инвесторлар осындай ойды ашық білдіріп, салық саясатына қатысты жеңілдіктер берілуін сұрады.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024