"Астана" Халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бастайды
30 мая, 2016
Биылдан бастап «Астана» халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бастайды. Бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 29 отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
Қазіргі уақытта орталықтың негізгі заңды базасы құрылған. Алдағы уақытта практикалық жұмыстар жүзеге асырыла бастайды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы жаңа орталық Қазақстанға тартылатын инвестиция көлемін арттырып, заманауи технологияларды әкелуге негіз болады деген ойын жеткізді.
Дегенмен, Қазақстан экономикасына инвестиция құятын компаниялар еліміздегі бизнес үшін жасалған жеңілдіктердің көбейтілуін қалайтынын айтты. Жиында барысында инвесторлар осындай ойды ашық білдіріп, салық саясатына қатысты жеңілдіктер берілуін сұрады.