Қазақстанда кадрлық өзгерістер болуы мүмкін. Ақпараттық дереккөздердің мәліметінше, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, Президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматуллин және мәжіліс спикері Бақтықожа Ізмұхаметов жаңа қызметке тағайындалады. Бұл туралы Kapital.kz хабарлайды.
Әділбек Жақсыбеков 2014 жылдан бері Астана қаласының әкімі. Дереккөздердің мәліметінше, ол Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметіне тағайындалуы мүмкін. Айта кетейік, ол аталған қызметті 2004-2008 жылдары атқарған болатын.
Нұрлан Нығматуллин 2014 жылдан бері Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарып келеді. Енді ол ҚР Парламент мәжілісінің спикері болуы мүмкін. Бұл қызметті 2012-2014 жылдары атқарды.
Ал Бақтықожа Ізмұхаметов депутаттық мандатын сақтай отырып, ардагерлер ұйымын басқаруы мүмкін.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024